Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіИнтеграция және макроэкономикаМакроэкономикалық саясат департаменті
Жаппарқұлов Асқар Әбдісаттарұлы

Жаппарқұлов Асқар Әбдісаттарұлы

Асқар Әбдісаттарұлы Жаппарқұлов 1981 жылғы 15 наурызда туған.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген (2006 жылы). Қазақстан Республикасының президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лестер Университетін (Англия) «қаржы экономикасының магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2001 жылы бастады, жекеше және мемлекеттік секторда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2011 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылғы қазанға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық болжау және модельдеу басқармасының бас сарапшысы және бастығы, Макроэкономикалық талдау және болжау департаменті директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарында болды.

2020 жылғы 10 қарашадан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.