Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіИнтеграция және макроэкономикаМакроэкономикалық саясат департаменті
Департамент туралы

Макроэкономикалық саясат департаменті туралы

Комиссия Алқасы Төрағасының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 86 бұйрығымен бекітілген Макроэкономикалық саясат департаменті туралы ереже ​

Департамент қызметінің міндеттері мен негізгі бағыттарын айқындайтын негізгі құжат, – 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт.

Департаменттің негізгі міндеттері: 

1) мүше мемлекеттердің келісілген макроэкономикалық саясатты өткізуін үйлестіру; 

2) мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдайға талдау жүргізу және оның негізінде орта мерзімді келешекте олардың экономикаларының даму болжамын дайындау; 

3) бағдарламалық, әдістемелік, рәсімдік және макроэкономикалық саясат саласындағы, оның ішінде макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған өзге құжаттарды әзірлеу және жетілдіру және мүше мемлекеттерге оларды іске асыруға жәрдемдесу; 

4) Одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу (ЭДНБ) және мүше мемлекеттерге оларды іске асыруға, оның ішінде Одақтың интеграциялық әлеуетін және мүше мемлекеттердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындау арқылы іске асыруға жәрдемдесу; 

5) бірлесіп нысаналы бағдарламалар мен жобалар әзірлеу, ғылыми-технологиялық саясат қалыптастыру және бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін ынталандыру. 

Департамент келесі бөлімдерден тұрады: 

– әдіснама және талдау бөлімі; 

– келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу кезіндегі ынтымақтастық бөлімі; 

– экономикалық саясат стратегиялары бөлімі; 

– нысаналы бағдарламалар, жобалар және ғылыми-технологиялық даму бөлімі. 


Әдіснама және талдау бөлімі келесі міндеттерді шешеді: 

1) инклюзивті экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу механизмдерін қалыптастыру тәсілдемелерін әзірлеу, мүше мемлекеттердің экономикаларының дамуын қолдау қағидаттары мен критерийлерінайқындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 

2) мүше мемлекеттердің экономикаларындағы макроэкономикалық жағдайға талдау жүргізеді, экономикалық дамудың теңгерімдігін бағалайды;

3) мүше мемлекеттермен және Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде аналитикалық материалдарды: мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен келешегі және макроэкономикалық саясат саласындағы шаралар туралы жылдық баяндаманың, мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау нәтижелерімен тоқсан сайынғы шолудың, сондай-ақ мүше мемлекеттер мен Одақтың экономикалық саясатының жекелеген мәселелері бойынша тақырыптық баяндамалардың (шолулардың) әзірленуін ұйымдастырады және жүзеге асырады; 

4) аналитикалық (анықтамалық) мақсаттарда болжамдардың сыртқы параметрлерінің белгіленген интервалдық сандық мәндері негізінде Одақтың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, сондай-ақ Одақтың экономикалық дамуының сценарийлік болжамдарын әзірлейді; 

5) Департамент туралы ережеде айқындалған басқа да міндеттер. 


Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу кезіндегі ынтымақтастық бөлімі келесі міндеттерді шешеді: 

1) келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу жөніндегі құжаттардың әзірленуін және жетілдірілуін қамтамасыз етеді; 

2) мүше мемлекеттердің Шартта белгіленген, экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді қадағалауына мониторинг жүргізеді және Шартта белгіленген осы көрсеткіштердің мәндерінен артуына байланысты мүше мемлекеттермен консультациялар жүргізеді; 

3) мүше мемлекеттердің қысқа және орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын жыл сайынғы негізде әзірлейді; 

4) Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитеттің отырыстарын ұйымдастырады және өткізеді; 

5) Департамент туралы ережеде айқындалған басқа да міндеттер. 


Экономика​лық саясат стратегиялары бөлімі келесі міндеттерді шешеді: 

1) Комиссияның стратегиялық жоспарлау жүйесінің және ЕАЭО экономикалық дамуының ұзақ мерзімді мақсаттарының, оларға қол жеткізу бойынша келісілген іс-қимылдардың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді; 

2) ЕАЭО-ның интеграциялық әлеуетін бағалайды, оны экономикалық өсуді қамтамасыз ету мүддесінде пайдалану бойынша шаралар әзірлейді; 

3) ЕАЭО-ның орнықты және инклюзивті даму мүмкіндіктерін талдайды, оларды іске асыру шараларын әзірлейді; 

4) ЕАЭО-ның басқа интеграциялық бірлестіктермен және жекелеген елдермен өзара іс-қимылының экономикалық әсерін бағалайды, ЕАЭО және басқа интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі интеграция деңгейін өлшейді; 

5) Департамент туралы ережеде айқындалған басқа да міндеттер. 


Нысаналы бағдарламалар, жобалар және ғылыми-технологиялық даму бөлімі келесі міндеттерді шешеді: 

1) ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыру және ғылыми-техникалық дамудың басымдықтарын айқындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 

2) экономикалық дамудың нысаналы бағдарламалары мен ЕАЭО жобаларын әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру бойынша әдіснамалық ұсынымдарды дайындайды; 

3) ғылыми-технологиялық және инновациялық даму саласында бірлесіп зерттеулер жүргізілуін ұйымдастырады; 

4) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы жанындағы Ғылыми-техникалық кеңестің жұмысына жәрдемдеседі;

5) Департамент туралы ережеде айқындалған басқа да міндеттер.​