Вход
Суюмбаева Паиза Усенбаевна

Суюмбаева Паиза Усенбаевна

1980 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін, ал 1982 жылы - клиникалық ординатурасын үздік бітірген.

2009 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясында «Азаматтық құқық» мамандығы бойынша құқықтану магистрі дәрежесін алды.

1982 жылдан бастап 2001 жылға дейінгі аралықта - Қырғыз Республикасының денсаулық сақтау органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2001 жылдан 2005 жылға дейін - Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Кадр саясаты, ғылым, білім және ұйымдастыру жұмысы басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2005 жылдан 2010 жылға дейін - Қырғыз Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің конкурстық іріктеу, ротация және мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету басқармасының бастығы, қайта құрылғаннан кейін - Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кадрлар қызметінің тестілеу орталығының меңгерушісі болды.

2010 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің (министрдің бірінші орынбасары дәрежесіндегі) статс-хатшысы.

2016 жылғы қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры болып тағайындалды.

«Қырғыз Республикасының денсаулық сақтау үздігі», «Қырғыз Республикасының мемлекеттік қызметінің үздігі», «Қырғыз Республикасының Есеп палатасының мемлекеттік аудитінің үздігі» омырауға тағатын белгілерімен наградталған.

Қырғыз Республикасы Президентінің Жарлықтарымен Қырғыз Республикасының Құрмет Грамотасымен наградталған, «Қырғыз Республикасының мемлекеттік қызметінің ІІІ сыныпты мемлекеттік кеңесшісі» сыныптық шені берілген.