Жүйеге кіру
faq_ip
Соңғы өзгертілген: 17.09.2018 15:49, пайдаланушы: spadmin
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДА ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
 
1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде зияткерлік меншік саласы қандай бағыттарды қамтиды?

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XXIII «Зияткерлік меншік» бөліміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау саласындағы ынтымақтастығы мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) ғылыми және инновациялық дамуды қолдау;
2) зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және пайдалану тетіктерін жетілдіру;
3) мүше мемлекеттердің авторлық құқықты және сабақтас құқықты иеленушілері үшін қолайлы жағдайлар ұсыну;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілерін және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлар шығарылған жерлерінің атауларын тіркеу жүйесін енгізу;
5) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды, оның ішінде Интернет желісінде қорғауды қамтамасыз ету;
6) зияткерлік меншік объектілерін құқықтарды тиімді кедендік қорғауды, оның ішінде мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кеден тізілімін жүргізу арқылы қамтамасыз ету;
7) контрафактілік өнімдердің айналымын болдырмауға және оныңжолын кесуге бағытталған үйлестірілген шараларды жүзеге асыру.
 
2. Еуразиялық экономикалық одақта зияткерлік меншік саласында ұлттық режим және барынша қолайлылық режимі көзделген бе?

Иә, көзделген. 

Басқа мүше мемлекеттің аумағындағы бір мүше мемлекеттің тұлғаларына зияткерлік меншік объектілерінің құқықтық режиміне қатысты ұлттық режим ұсынылады. Мүше мемлекеттің заңнамасымен өкілді тағайындау және хат алысу мекенжайын көрсетуді қоса алғанда, сот және әкімшілік рәсімдерге қатысты ұлттық режимнен ерекшеліктер көзделуі мүмкін.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзінің заңнамасында мүше мемлекеттерге қолданылатын халықаралық құқық актілерінде, сондай-ақ,  Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде көзделгенге қарағанда зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғаудың үлкен деңгейін қамтамасыз ететін нормаларды көздей алады.
 
3. Зияткерлік меншік саласындағы Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша Комиссия қандай шараларды қабылдайды? Осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибе ескеріле ме?

Еуразиялық экономикалық одақтың зияткерлік меншік саласындағы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аталған саласындағы халықаралық құқығы, ұлттық заңнамасындағы өзгерістерді мониторингтейді. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірге жеңу бойынша шараларды әзірлеу мақсатында, зияткерлік меншіктің айналымына қатысты ықтимал теріс беталыстарды жан-жақты, барабар зерттеуге бар күшін салады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады, соның ішінде норма-шығармашылық қызметті қолдану үшін ашық ақпаратпен пен  тәжірибесімен алмасу мақсатында үшінші мемлекеттердің халықаралық ұйымдарымен, өкілдіктерімен зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Сонымен, Еуразиялық экономикалық комиссия Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ), Еуропалық одақтың Зияткерлік меншік жөніндегі ведомствосы (EUIPO), Еуразиялық патенттік ұйым (ЕАПҰ), сонымен қатар өзге ұйымдардың дипломатикалық миссиялары және өкілдіктерімен табысты ынтымақтасады. Олардың ішінде Ресейдегі Еуропалық одақ өкілдігі, Ресей Федерациясындағы Франция елшілігі, Ресей Федерациясындағы Америка құрама штаттарының елшілігі, Сыртқы сауданы дамыту жөніндегі Жапония ұйымының өкілдігі (JETRO) және басқалар.

2014 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияға ДЗМҰ жанындағы тұрақты бақылаушы мәртебесі берілген.

Қазіргі уақытта Еуразиялық патенттік ұйыммен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайындық жүзеге асырылуда.

Халықаралық байланысты жүзеге асыру барысында алынатын тәжірибені Еуразиялық экономикалық комиссия зияткерлік меншік саласындағы халықаралық шарттармен жобамен жұмыс істеу шеңберінде қолданады.
 
4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде «параллельді импорт» ресмилендіріледі ме?

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауар белгісіне айрықша құқықтың өңірлік біту қағидаты бекітілген.

Бұл 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық одақ туралы шартта айқындалған.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды тасымалдау еркіндігі мүше мемлекеттердің аумақтарында бірыңғай құқықтың біту қағидаты іс-қимыл жасау керектігін болжайды.

Тауар белгісіне айрықша құқықтың біту қағидатын өзгерту мақсаттылығы және «паралелльді импортты» ресмилендіру мүмкіндігі мәселесі барынша бұрыннан бері талқыланады.

2014 жылғы маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтың біту қағидатын одан әрі қолдануға қатысты ұсыныстар жасау бойынша Жұмыс тобы қрылған, оны Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі, Министр Тимур Муратович Сулейменов басқарды.

Топ құрамына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті орган және бизнес өкілдері, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссия мамандарының кең тобы кіреді.

Жағдайдың дамуының әртүрлі нұсқасын қараған Жұмыс тобының қорытындылары негізінде, 2016 жылғы 13 сәуірде Еуразиялық үкіметаралық кеңес Одақ туралы шартты Еуразиялық үкіметаралық кеңеске тауар белгісіне айрық құқықтың бітуі қағидатын қолданудан жекелеген тауар түрлеріне қатысты ерекшелік белгілеу уәкілеттігін ұсынатын нормалармен толықтыратын Хаттама жобасын дайындау туралы өкім қабылдады.

Жекелеген тауар түрлері үшін осындай құжат қабылданған жағдайда «параллельді импорт» рұқсат етіледі.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірге Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасын әзірлеу барысында.
 
5.Контрафактілі тауарлардың әкелуінуіне жол бермеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағында тауар белгісін қалай қорғау керек ?

Контрафактілі тауардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында тауар белгісін зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізілімдерінде тіркеу мақсатты.

Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағында зияткерлік меншік құқықты қорғауға байланысты рәсімдерді жеңілдету үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірге зияткерлік меншік объектілерінің Бірыңғай кеден одағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық базасы қалыптастырады. Қазіргі уақытта осы мәселені реттейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарт жобасы қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өтеді.
 
6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара саудада кедендік бақылаудың жоқтығын есепке ала отырып, зияткерлік меншік құқықтарын бұзушылық жиі трансшекаралық сипатқа ие. Осыған қарсы іс-қимыл жасау үшін не істеледі?

2015 жылғы 8 қыркүйекте Гроднода Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзушылығының алдын алу, анықтау, жол бермеу және тергеу бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының іс-қимылын үйлестіруге бағытталған зияткерлік меншік объектілерін қорғау бойынша іс-қимылдарды үйлестіру туралы шартқа қол қойған.

Осы Шартты дамыту үшін Регламент дайындалуда, ол Еуразиялық экономикалық одаққ мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ақпараттық өзара іс-қимыл жасау ережелерін және трансшекаралық сипаты бар бұзушылықтарға жол бермеу үшін қажетті сұратуларды орындау ережелерін белгілейді.
 
7. Еуразиялық экономикалық одақта авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымды басқаруды реттеуге қатысты тәсілдемелер қалай бірегейлендіріледі?

Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқаруды бірегейлендіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірге Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісім жобасы дайындалды.

Келісім жобасында жиналған сыйақы, есеп беру және ОКУП ашық есеп беруі, құқық иеленушілерге сыйақы жинау, тарату және төлеу механизмінің міндетті аудитінен тиісті ұйымдармен (ОКУП) ұстап қалулардың шекті көлемін және құқықтық режимін белгілеу бөлігінде ұжымдық басқаруға қатысты бірыңғай реттеуді көздейді.

Сондай-ақ, Келісім жобасында ұлттық заңнамада пайдаланушылар немесе ОКУП авторлық және (немесе) сабақтас құқық объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақы төлемегені үшін және оларды құқық иеленушінің келісімісіз және талаптар мен міндеттемелерді өзгеше бұзбай пайдалануы үшін жауапкершілік белгілеу көзделеді.
 
8. Тауар белгісі Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісінен немен ерекшеленеді?

Тауар белгісіне ұлттық патенттік ведомствода мемлекеттік тіркеу негізінде жеке алынған мемлекет аумағында құқықтық қорғау ұсынылады.

Мысалы, тауар белгісіне Зияткерлік меншік жөніндегі федералды қызметте (Роспатент) мемлекеттік тіркеу арқылы Ресей Федерациясының аумағында құқықтық қорғау ұсынылуы мүмкін.

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомствосынан кез-келгеніне бір өтінім беру арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа барлық мүше мемлекеттердің аумағында (Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан , Ресей) бір уақытта құқықтық қорғау ұсынылады.
 
9. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне құқық иеленушінің қандай құқықтары бар?

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне құқық иеленуші мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін айрықша пайдалану және осы айрықша құқықты басқару құқығына, сонымен қатар басқа тұлғаларға осы тауар белгісін немесе біртекті тауарлар және (немесе) қызметтерге қатысты араластыру дәрежесіне дейін ұқсас, шартты белгіні пайдалануға тыйым салу құқығына ие.
 
10. Зияткерлік меншік объектілері саласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік қызметінің қандай нәтижелері өнертабыс ретінде тіркелуі мүмкін?

Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өнертабыс ретінде өнімге (құрылғыға, заттекке), тәсілге (материалдық құралдар көмегімен материалдық объектілермен іс-қимыл жасау процесіне), сонымен қатар белгілі өнімдерді немесе тәсілдерді жаңа мақсаты бойынша немесе жаңа өнімді белгілі бір мақсаты бойынша қолдануға қатысты кез-келген салада техникалық шешімдер қорғалады.
 
11. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес патентті құқық объектіеріне айрықша құқықтың қолданылу мерзімі қандай?

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес өнертабыстарға айрықша құқықтың қолданылу мерзімі кемінде 20 жылды, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгі-нұсқалар үшін – кемінде 5 жылды құрайды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өнертабысқа айрықша құқықтың қолданылу мерзімі 20 жылды құрайды.

Пайдалы модельдерге айрықша құқықтың қолданылу мерзімі Армения Республикасында және Ресей Федерациясында 10 жылды, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасында 5 жылды құрайды.

Өнеркәсіптік үлгі нұсқаларға айрықша құқықтың қолданылу мерзімі Армения Республикасында және Беларусь Республикасында 15 жылды, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасында 10 жылды, Ресей Федерациясында 5 жылды құрайды.
 
12. Еуразиялық экономикалық одақта Зияткерлік меншік стратегиясы бар ма? Егер болса, ережелері қандай?

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірге стратегиялық жоспарлау саласындағы ғылыми мамандарды қатыстыра отырып, Еуразиялық экономикалық одақта зияткерлік меншікті қорғау, сақтау және пайдалану стратегиясының жобасын әзірлеу жүргізілуде.

Стратегия жобасы ғылыми, ойлап шығару, инновациялық және шығармашылық қызметті активтендіру, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларының бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтағы зияткерлік меншіктің интеграцияланған жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Жақын арада аталған жоба мүдделі тұлғалардан тиісті ұсыныс алу үшін қоғамға ұсынылады.
 
13. Еуразиялық экономтикалық одақта Зияткерлік меншік стратегиясын орындау барысында қандай нәтижелерге жету жоспарлануда?

Стратегияны іске асырудың негізгі нәтижесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларының инновациялық құрамдасының тиімді дамуын қамтамасыз ететін, зияткерлік меншіктің сәтті дамып келе жатқан еуразиялық нарығын қалыптастыру болады деп болжалады, сондай-ақ олардың бәсекеге қабілетігінің лайықты деңгейі қамтамасыз етіледі.

Стратегияны орындау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің интеграциялық өзара іс-қимылын барынша кеңейтеді, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында зияткерлік меншік объектілерінің кедергісіз айналымы үшін жағдай жасау мүмкіндігін береді.