Жүйеге кіру
Жолдыбаева Ғалия Тағыбердіқызы

Жолдыбаева Ғалия Тағыбердіқызы

1973 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Білімі бойынша мамандығы - заңгер.

Қазақ, орыс тілдерін меңгерген.

1990 жылы «Шымкентмелиорация» ЖМК-56 бухгалтері болып жұмыс істеді.

1996 жылдан 1997 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жетекші, бас консультанты.

1997 жылдан 1999 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнің бас маманы, басқарма бастығы.

1999 жылдан 2001 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының бастығы.

2001 жылдан 2008 жылға дейін - Қазақстан Республикасы ТМРА-ның Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментi бөлімінің бастығы, директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы, Құқықтық қамтамасыз ету және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің директоры, Заң департаментінің директоры, Бақылау және құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Заң департаментінің директоры.

2008 жылдан 2009 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.

2009 жылдан 2012 жылға дейін - Павлодар облысының Әділет департаментінің бастығы.

2012 жылдан 2013 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы.

2013 жылдан 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы.

2014 жылдан 2017 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры, Мәскеу қаласы.