Жүйеге кіру
Табиғи монополиялар

Табиғи монополиялар

 

Жалпы ақпарат

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) қол қойылғанға дейін табиғи монополиялар бөлімінің қызметі 2010 жылғы 9 желтоқсандағы  Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) ережелері мен нормаларына негізделді.

Кейіннен Келісімнің барлық ережелері, соның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің  жалпы қағидаттары, түрлері мен әдістері, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсетуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидасы, Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құзыреті Шартқа кіргізілді. Келісімнің 2012-2013 жылдары іске асырылған мына ережелері Шартқа кіргізілген жоқ:

- Комиссия Алқасының 2013 жылғы 5 ақпандағы № 14 шешімімен бекітілген Табиғи монополиялар салаларына (секторлық (салалық) бөліністе) қатысты бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастырудың кезең-кезеңдік жоспары (1-қосымша); 

- Комиссия Алқасының 2013 жылғы 5 ақпандағы № 14 шешімімен бекітілген Кезең-кезеңдік жоспарды іске асыруға мониторинг жүргізудің критерийлері мен тәртібі (2-қосымша);​


Комиссияның Келісім шеңберіндегі табиғи монополиялар мәселелері бойынша құзыреті (2012 жылғы қаңтардан бастап 2014 жылғы мамырға дейінгі аралықтағы кезең):

- Кезең-кезеңдік жоспарға ұсыныстар дайындау;

- Кезең-кезеңдік жоспарды іске асыру мониторингін жүргізу критерийлері және тәртібі бойынша ұсыныстар дайындау; 

- ұлттық органдардың табиғи монополиялар саласына қатысты шешімдерін үйлестіру (әзірлеу және іске асыру) тәсілдеріне қатысты ұсыныстарды талдау және тұжырымдау;

- тиісті жыл сайынғы есептер мен баяндамаларды әзірлей отырып, Тараптар мемлекеттеріндегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу жүйесі мен практикасына салыстырмалы талдау жүргізу; 

- табиғи монополиялар салаларындағы экологиялық аспектілерге, энергия тиімділігіне қатысты реттеуді үндестіруге жәрдемдесу;

- Келісімді іске асыру туралы жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) қарауына ұсыну;

- Тараптардың ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) белгілеген жақындатуға жататын табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілер тізбесіне ұсыныстар дайындау.

Комиссияның Шарт шеңберіндегі табиғи монополиялар мәселелері жөніндегі құзыреті (2014 жылғы мамырдан бастап):

- мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар салаларын кеңейту туралы шешімдер (Комиссияға тиісті өтініштер түскеннен кейін) қабылдау;

- тиісті жыл сайынғы есептер мен баяндамаларды әзірлей отырып, мүше мемлекеттердегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу жүйесі мен практикасына салыстырмалы талдау жүргізу; 

- табиғи монополиялар салаларындағы экологиялық аспектілерге, энергия тиімділігіне қатысты реттеуді үндестіруге жәрдемдесу;

- жүргізілген жұмыстардың мүше мемлекеттердің ұлттық органдарымен келісілген нәтижелерін, сондай-ақ табиғи монополиялар саласындағы жақындатуға жататын НҚА белгілеу жөніндегі мүше мемлекеттермен келісілген ұсыныстарды ЖЕЭК қарауына ұсыну үшін материалдар дайындау және кезектілігі айқындалуына қарай үндестіру жөнінде тиісті шараларды жүзеге асыру.​

Пайдалы сілтемелер
 
Армения Республикасы
Қоғамдық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комиссия  - psrc.am 
Халықаралық экономикалық интеграция және реформалар министрлігі - gov.am 
 
Беларусь Республикасы
Экономика министрлігі – economy.gov.by 
Энергетика  министрлігі - minenergo.gov.by 
Көлік және коммуникациялар министрлігі - mintrans.gov.by 
 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрлігі -economy.gov.kz 
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын  қорғау комитеті - kremzk.gov.kz 
 
Ресей Федерациясы
Экономикалық даму министрлігі - economy.gov.ru 
Федералдық монополияға қарсы  қызмет - fas.gov.ru 
 
Қырғыз Республикасы

Экономика министрлігіmineconom.gov.kg


Тараптардың нормативтік құқықтық актілері (Беларусь РеспубликасыҚазақстан РеспубликасыРесей Федерациясы)