Жүйеге кіру
2019-2020 жылғы іс-шаралар

2019-2020 жылғы іс-шаралар

 

_______________________________________________________________

2020 жылғы 10 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаментінің директоры Л.В. Шенец және Энергетика департаментінің Энергия ресурстарын сатуды дамыту бөлімінің қызметкерлері "Экспофорум-Интернэшнл" және "ЭнергоИнновация" қауымдастығы ұйымдастырған "Коммуналдық қалдықтардан энергия" онлайн-конференциясына (бұдан әрі – Конференция) қатысты.

Конференцияға Ресейдегі Экологиялық құрылыс жөніндегі кеңес, Greenpeace, "Санкт-Петербург Рециклинг қауымдастығы", "АЗРФ тұрақты дамуы", "Катерпиллар Евразия" өңіраралық серіктестік өкілдері қатысып, баяндама жасады.

Конференция барысында коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі ЖЭК-жобаларын іске асырудың бірегей әлемдік тәжірибелері ұсынылды. Спикерлер "жасыл энергетика" бойынша сауатты іске қосылған жобалар парниктік газ шығарындыларын бірнеше есе қысқартып, электр энергиясын жеткізу мәселелерін жедел шешетінін көрсетті.

Осы тақырып бойынша келесі іс-шара РМЭФ-2020 және ПМГФ-2020 шеңберінде өтеді, онда "Қоқыс газынан энергия" және "РФ-дағы газ компрессиясы: сын-тегеуріндер мен перспективалар" атты пікірталастар жоспарланған.​ 

_________________________________________________________________

2020 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика департаментінің директоры Леонид Шенецтің төрағалығымен Электр энергетикасы жөніндегі Консультативтік комитеттің ЕАЭО Ортақ электр энергетика нарығын қалыптастыру жөніндегі кіші комитетінің 50-ші отырысы өтті.

Бейнеконференция режимінде ұйымдастырылған іс-шараға еуразиялық бестіктің барлық мемлекеттерінің өкілдері қатысты.

Тараптар сарапшылары ЕАЭО Ортақ электр энергетика нарығы (ОЭН) субъектілерін электр энергиясымен саудаға жіберу тәртібі мен рәсімдерін, орталықтандырылған сауда кезінде сатып алу-сату шарттарын жасасуды, субъектіге ЕАЭО ОЭН-ға қосылу туралы шарт жасасудан бас тарту негіздерін және ЕАЭО ОЭН-да электр энергиясымен өзара сауда қағидаларының жобасын пысықтау үшін қажетті бірқатар басқа мәселелерді талқылады.

________________________________________________________________

ЕЭК Электр энергетика жөніндегі консультативтік комитеті ЕАЭО ортақ электр энергетика нарығын қалыптастыру бойынша "жол картасын" нақтылады

Еуразиялық экономикалық одақтың бес елінің ортақ электр энергетика нарығын (ОЭН) қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың "жол картасы" Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің 13-ші отырысында бекітілді. Онда ортақ нарықты құру бойынша жұмыстың аралық кезеңдері нақтыланады және талдап тексеріледі. Коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу бойынша шараларға байланысты сырттай режимде өткен іс-шара хаттамана ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиев қол қойды. Осылайша, 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей жұмысын бастауы тиіс ЕАЭО ОЭН қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда.

"Одақтың ОЭН толыққанды іске қосылуы электр энергиясымен өзара сауда көлемінің ұлғаюына алып келуі мүмкін, ЕАЭО елдерінің экономикаларын нығайту үшін алғышарттар жасайды", - деп атап өтті Эмиль Кайкиев.

"Жол картасының" жоғарғы деңгейлі сәулеті бұрын пысықталып, бекітілді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары 2019 жылғы 20 желтоқсанда Электр энергиясының ортақ нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын бекітті. Құжатта ЕАЭО ОЭН-ның жұмысын реттейтін актілерді (қағидаларды, регламенттерді) қабылдау мерзімдері белгіленген. Сондай-ақ, сауда алаңдарын таңдау және нарықтың технологиялық негізін тестілеу сияқты бірқатар ұйымдастырушылық шараларды орындау мерзімдері белгіленді.

ЕАЭО ОЭН құру бойынша процестердің бірізділігін барынша оңтайландыру үшін елдердің сарапшылары құжат жобаларын әзірлеу мен келісудің аралық кезеңдерін анықтау қажет деп есептеді. Ол үшін ЕЭК-пен бірлесіп "жол картасы" жобасы дайындалды, онда әрбір құжат бойынша Консультативтік комитеттің мақұлдау, реттеуші әсерді бағалау және Одақ органдарының кезекпен талқылау мерзімдері қамтылған. Барлық тараптар осы "жол картасының" бекітілуін қолдады. Бұл ретте, ЕАЭО ОЭН-ды қалыптастыру жөніндегі Кіші комитеттің мүшелері құжатта бекітілген актілермен жұмыс істеудің аралық мерзімдерін басшылыққа алуға міндетті.

Сондай-ақ, 2020-2021 жылдары ЕАЭО ОЭН-ның жұмыс істеу қағидаларының жобаларын пысықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бірауыздан мақұлданды, бұл нарықты регламенттейтін құжаттарды уақтылы және сапалы әзірлеуге жәрдемдесетін болады.

Мемлекетаралық қималардың (мемлекетаралық электр беру желілерінің) өткізгіштік қабілетін айқындау және бөлу тәсілдеріне байланысты күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша тараптардың ұстанымдары жақындады. Өткізгіштік қабілетін анықтау және бөлу қағидаларының жобасын әзірлеуде сараптамалық деңгейде ілгерілеу мүмкіндігін беретін прогресс байқалды. 

________________________________________________________________

2020 жылғы 22 мамырда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика департаментінің директоры Леонид Шенецтің төрағалығымен ресейлік сарапшылармен кеңес өтті.

2020 жылдың 29 мамырына жоспарланған Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығын (ОЭН) қалыптастыру жөніндегі кіші комитетінің 50-ші отырысына дайындалу мақсатында кеңесте Кіші комитеттің көрсетілген отырысына ЕЭК Энергетика департаменті дайындаған материалдар, оның ішінде ЕАЭО ОЭН субъектілерін ЕАЭО ОЭН-де электр энергиясының саудасына жіберу тәртібі мен рәсімдеріне байланысты мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Ресей тарапының "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетика нарығының жұмыс істеу қағидаларының жобаларын пысықтау және оны қалыптастыруға бағытталған өзге іс-шараларды орындауға жәрдемдесетін ұсыныстарды әзірлеу" тақырыбы бойынша ҒЗЖ орындауға арналған техникалық сипаттамаларға қойылатын талаптар жобасын өзгерту жөніндегі ұсыныстары талқыланды және тараптар 2020-2021 жылдары өткізуге ұсынылған ымыралы шешімдер әзірледі.

_________________________________________________________________

Энергетика департаментінің басшылығы 2020 жылғы 13 наурызда Мәскеудегі Халықаралық сауда орталығының конгресс – орталығында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумының жұмысына қатысты. Күннің бірінші жартысында Энергетика департаментінің директоры Л.В.  Шенец "Әлемдік экономикадағы ТЭК дамуының заманауи беталыстары" сессиясында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттырудың басты факторы ретінде энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын құру" презентациясымен баяндама жасады.

Л.В.  Шенец сессияға қатысушыларды Одақтың ортақ энергетика нарықтарын қалыптастыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар, осы нарықтарды қалыптастыратын негізгі құжаттарды қабылдау мерзімдері, мүше мемлекеттердегі электр энергиясын өндіру, мұнай және газ өндіру көрсеткіштері, мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігіне ықтимал қатерлер, оларды барынша азайту үшін қажетті шаралар туралы хабардар етті. Комиссия өкілінің баяндамасын сессияға қатысушылары қызығушылықпен қабылдады.

Күннің екінші жартысында Энергетика департаментінің басшылығы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумының жалпы отырысына қатысты.

_________________________________________________________________

2020 жылғы 20-21 ақпанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Энергетика департаментінің директоры Леонид Шенецтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің Еуразиялық экономикалық одақтың Ортақ электр энергетика нарығын қалыптастыру жөніндегі кіші комитеті мүшелерінің жиналысы өтті.

Отырыс барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық комиссияның сарапшылары ЕАЭО ортақ электр энергетика нарығы шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру (МАБ) және электр энергиясын өзара сату бойынша қызметтерге қол жеткізу қағидаларының жобаларын әзірлеуге байланысты мәселелерді қарады.

Қол жеткізу қағидаларының жобасын пысықтау мақсатында кеңеске қатысушылар сауда-саттықтан тыс МАБ бойынша міндеттемелерді ЕАЭО-ның жалпы электр энергетика нарығына қосылу туралы шартқа енгізу туралы мәселелерді, Одақтың жалпы электр энергетика нарығындағы сауда кезінде МАБ ресімдеу схемасын, сауда-саттықтан тыс МАБ шартын жасасудан бас тарту үшін қол жеткізу қағидаларында негіздерді анықтау қажеттілігін және т. б. талқылады.

Электр энергиясының өзара саудасы қағидаларының жобасына қатысты мүше мемлекеттердің өкілдері электр энергиясының сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерін қалыптастырудың қадамдық схемасын, сондай-ақ шамаларды есептеу және электр энергиясының сальдо-ағындарының сағаттық ауытқуларын реттеу тәртібін қарады.

Сонымен қатар, іс-шарада еуразиялық бестіктің және ЕЭК елдерінің сарапшылары ЕАЭО ортақ электр энергетика нарығының жұмыс істеу қағидаларының жобаларын пысықтауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмысының (ҒЗЖ) техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптар жобасын талқылады.

      ___________________________________________________________________

ЕЭК Энергетика департаментінің өкілдері "ЕАЭО елдерінің ұлттық валюталары: тәжірибелік жұмыс тәжірибесі" халықаралық форумының пікірталастарына қатысты

7 ақпанда Ереван қаласында Мемлекетаралық банк ұйымдастырған "ЕАЭО елдерінің ұлттық валюталары: тәжірибелік жұмыс тәжірибесі" халықаралық форумы өтті.

Оның жұмысына Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының Орталық (Ұлттық) банктерінің, Армения Республикасының Қаржы министрлігі мен Экономика министрлігінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның, коммерциялық банктер мен инвестициялық компаниялардың, ірі өнеркәсіптік және сауда компанияларының өкілдері, Армения Республикасы мен Ресей Федерациясының өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одақтарының, валюта-қор биржаларының басшылары, сондай-ақ екі елдің жетекші ғылыми қызметкерлері қатысты.

Форум тақырыбы интеграциялық процестерді тереңдету, ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы мен сауданы арттыру жағдайында өте өзекті.

Форум спикерлері сөз сөйлеуінде ЕАЭО ішіндегі сауда-экономикалық қатынастарда ұлттық валюталардың пайдаланылуын кеңейтуге ықпал ететін факторларды, мысалы, Армения мен Ресей ұйымдары арасындағы есептеулерде доллардың орнына армян драмасы мен ресей рубльінің пайдаланылуын талқылады, сондай-ақ бизнестің қажеттіліктерін, осы жолдағы кедергілерді еңсерудің құралдары мен тәсілдерін талқылады, Мемлекетаралық банкте жұмыс істейтін ұлттық валюталардағы төлемдердің қолданыстағы механизмін бағалады. Ұлттық валютадағы өзара сауданы қаржыландыру үшін қор құру туралы ұсыныстар талқыланды.

Сонымен қатар, форум шеңберінде Энергетика департаментінің қызметкерлері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, оның ішінде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының ұлттық банктерінің және Мемлекетаралық банктің өкілдерін ЕАЭО ортақ электр энергетика нарығының жұмыс істеу негіздері, оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және ЕАЭО ортақ электр энергетика нарығында электр энергиясын орталықтандырылған саудада ұлттық валюталарда электр энергиясы үшін есеп айырысуды ұйымдастырудың анықталған мәселелері туралы хабардар етті.

__________________________________________________________________

2020 жылғы 14 ақпанда Мәскеуде ЕЭК Энергетика департаменті басшылығының төрағалығымен Ресей тарапының сарапшыларымен ЕАЭО ортақ электр энергетика нарығының (ОЭН) жұмыс істеу қағидаларын әзірлеудің жекелеген мәселелері бойынша кеңес өтті.

Іс-шара барысында электрондық-цифрлық қолтаңбаларды пайдалану мүмкіндігіне, мемлекетаралық беруді шарттық ресімдеуге және ЕАЭО ОЭН шеңберінде электр энергиясының сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерін қалыптастыруға байланысты мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша оның қатысушылары көрсетілген мәселелер бойынша материалдарды пысықтауға және оларды 2020 жылғы 20-21 ақпанда жоспарланған отырыста Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің ЕАЭО ОЭН қалыптастыру жөніндегі кіші комитетінің мүшелеріне қарауға ұсынуға келісті.

_______________________________________________________________

2020 жылғы 5 ақпанда Мәскеуде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Ресей-Нидерланды аралас комиссиясының энергетика жөніндегі жұмыс тобының 5-отырысы өтті. 

Энергетика департаментінің мұнай-газ саясаты бөлімінің өкілдері 2020 жылғы 5 ақпанда "СПбМТСБ" АҚ алаңында Ресей Федерациясы мен Нидерланды Корольдігінің билік органдары басшыларының, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің қатысуымен өткен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Ресей-Нидерланды аралас комиссиясының энергетика жөніндегі жұмыс тобының 5-ші отырысына қатысты.  Ресей тарапынан делегацияны Ресей Федерациясының статс-хатшысы – Энергетика министрінің орынбасары А.Б. Бондаренко, Голландия тарапынан – Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі Бас директорының орынбасары Потман мырза басқарды.

Екі жақты күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың қатарына газ, жаңартылатын энергия көздері, СТГ жобаларын және Ресейден газ тасымалдау жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері енді. Сондай-ақ, климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындыларын азайту, ТЭК цифрлық трансформациясы, энергия тауарларының биржалық саудасында тәжірибе алмасу мүмкіндігі мәселелері талқыланды. Тараптар энергетика саласындағы қолданыстағы бірлескен жобалар бойынша тығыз Ресей-Голландия ынтымақтастығын атап өтті
 және оны одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеуетті атап өтті.

Іс-шарада табиғи газдың биржалық саудасына ерекше назар аударылды. "Энергия биржалары арасында тәжірибе алмасу" сессиясы шеңберінде газ тасымалдау жүйелерін басқару жүйелеріне, көлік тарифтерін есептеуге негізгі тәсілдемелер қаралды, олар Нидерландының табиғи газ нарығын ырықтандыру бағдарламасын табысты жүзеге асыруға негіз болды. Сессияға қатысушылар Ресей мен ЕАЭО кеңістігінде тиісті механизмдерді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

_____________________________________________________________

2020 жылғы 30 қаңтарда Мәскеуде "Авиаотын – 2020" IX Халықаралық еуразиялық конференциясы өтті

2020 ж. 30 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті директорының орынбасары М.Л.  Плешкин "Авиаотын – 2020" IX Халықаралық еуразиялық конференциясының жұмысына қатысты. Пленарлық сессия шеңберінде қатысушылар Ресей Федерациясындағы авиаотынмен қамтамасыз етуді реттеудің өзекті мәселелерін, осы саладағы дамудың негізгі бағыттарын, авиаотынның сапасын бақылауды реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды және басқа да мәселелерді талқылады.

Сөз сөйлеу кезінде М.Л.  Плешкин, мұнай өнімдерінің (авиаотынды қоса алғанда) сапасына байланысты мәселелер Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретіне кіретінін және 2011 жылдан бастап қолданыстағы Кеден одағының № 013/2011 "Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентімен реттелетінін атап өтті. Мұнай өндіру және өңдеу технологиясының дамуына байланысты соңғы уақытта авиаотынның пайдалану сипаттамаларына қатысты бірқатар мәселелер туындағанын атап өтті. Аталған технологиялық өзгерістер мұнай өңдеу кешендерінде және ТЗК-да сапаның бақылануын жетілдіру мақсатында қолданыстағы нормативтік базаны жетілдіруді қажет етеді. Тиісті жұмыс мүдделі мемлекеттік органдар мен компанияларды қатыстыра отырып жүргізіледі.

Сөз соңында М.Л.  Плешкин бәсекелестік, ашықтық, қауіпсіздік, сенімділік, қолжетімділік және экологиялылық қағидаттарында бірыңғай көлік кеңістігін дәйекті қалыптастыруға бағытталған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын жүзеге асыру бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті және конференцияға қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.

Комиссия өкілінің баяндамасын конференцияға қатысушылар қызығушылықпен қабылдады.

_______________________________________________________________

2020 жылғы 23-24 қаңтарда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаментінің директоры Леонид Шенецтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақтың Электр энергетикасы бойынша консультативтік комитетінің жалпы электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі кіші комитетінің 49-шы отырысы өтті.

Отырыста Кіші комитет мүшелері "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспары туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 31 шешімімен көзделген іс-шараларды іске асырудың Жол картасының жобасын пысықтап, мақұлдады. Ағымдағы жылдың наурыз айында құжат Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің мақұлдауына енгізіледі деп жоспарлануда. Жол картасы ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығының (ОЭН) жұмыс істеуі үшін қажетті актілерді Одақ органдарының келісуі мен қарауының реперлік нүктелерін "қояды" және оны уақтылы іске қосуға бағытталған.

Сонымен қатар, іс-шара барысында ЕАЭО және ЕЭК мүше-мемлекеттерінің сарапшылары Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін айқындау және бөлу тәсілін келісумен, сондай-ақ Қырғыз Республикасының ЕАЭО ОЭН реттеу органын құру туралы ұсынысына байланысты мәселелерді қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша ЕЭК Энергетика департаментіне және Тараптардың сарапшыларына тапсырмалар берді. ЕАЭО ОЭН құруға байланысты мәселелерді талқылауды Кіші комитеттің келесі отырыстарында жалғастыру жоспарлануда.

_____________________________________________________________

2020 жылғы 15-16 қаңтарда Мәскеуде ЕЭК Энергетика департаментінің директоры Леонид Шенецтің төрағалығымен "Ресей" АБ" АҚ, Еуразиялық даму банкі және ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің өкілдерімен кеңестер өтті.

Іс-шаралар Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 31 шешімімен бекітілген ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығын (ОЭН) қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған жоспар ЕАЭО ОЭН-ның жұмыс істеуі үшін қажетті құжаттардың қабылдануын көздейді. Оларды дайындау кезінде тек қана электр энергетикасына байланысты ережелерді, жалпы алғанда ЕЭК қызметінің басқа салаларына қатысты нормаларды келісу керек. Мысалы, электр энергиясының орталықтандырылған (электрондық) саудасын ұйымдастыру үшін ұлттық валюталарда қаржылық есеп айырысуларды жүргізу жоспарланды.

Іс-шаралар барысында ЕАЭО ОЭН-да электр энергиясымен өзара сауда ережелерінің жобасын дайындауға бағытталған жекелеген мәселелер талқыланды, оның ішінде:

- Одақтың ОЭН-де электр энергиясының орталықтандырылған саудасы кезінде пайдаланылуы мүмкін (тиіс) валюта (валюталар);

- Одақтың ОЭН-де (клиринг) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы кезіндегі қаржылық есеп айырысулар;

- Одақтың ОЭН-де электр энергиясының орталықтандырылған саудасы кезіндегі қаржылық кепілдіктер.

Кеңес қорытындысы бойынша олардың қатысушылары аталған бағыттар бойынша консультацияларды жалғастыруға келісті.​