Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіЭнергетика және инфрақұрылымЭнергетика департаментіОртақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыру бағдарламасы
Programma
Соңғы өзгертілген: 10.12.2020 10:58, пайдаланушы: admin
Ортақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыру бағдарламасы
 

 

 2016 жылғы 30 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасының жобасы мақұлданды және оны Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.

Бағдарламаны орындау мақсаттары Одақтың жалпы электр энергетикалық нарығына ұлттық электр энергетикалық нарық субъектілерінің қатысуына мүше мемлекеттердің дайындығын қамтамасыз ету және оның тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау болып табылады.

Бағдарлама тиісті тұжырымдама негізінде әзірленді және Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруды, іс-қимылдар дәйектілігін, оларды іске асыру мерзімдерін, орындаушыларды, қаржыландыру көздерін қамтамасыз ететін өзара байланысты ұйымдастырушылық, технологиялық және басқа да іс-шаралар кешенін, сондай-ақ Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін Одақ органдарының актілерін әзірлеуді қамтиды.

Бағдарламаның іс-шараларын орындау нәтижесінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъектілік құрамы, әдістемелік, ұйымдастырушылық, инфрақұрылымдық, технологиялық және құқықтық негіздері қалыптастырылатын болады.

 

2016 жылғы 25 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 42 отырысында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасы туралы шешім жобасы туралы" шешім жобасы қаралып, мақұлданды және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына енгізіледі.

 

2016 жылғы 10 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Адамқұл Жүнісовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің уәкілетті органдары басшыларының кеңесінде ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасының жобасы келісілді.

Бағдарламада 2019 жылдың шілдесіне қарай электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ еркін екі тарапты шарттар бойынша сауданы жүзеге асыру үшін жағдай жасау көзделген. Осы мақсатта жедел келісімшарттар бойынша және бір тәулік бұрын электр энергиясын сатудың электрондық жүйелері, сондай-ақ Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының ақпараттық жүйесі құрылатын болады.

Бағдарламаға сәйкес Комиссия Одақ мемлекеттерімен бірлесіп электр энергиясының сауда қағидаларын, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет көрсетуіне қол жеткізу қағидаларын, мемлекетаралық электр беру желілерінің өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларын және нарықты реттеу үшін бірқатар басқа актілерді әзірлейді.

Бұдан әрі құжат жобасы ЕЭК Алқасының қарауына шығарылатын болады.

 2016 жылғы 8 қыркүйекте Энергетика департаменті директорының уақытша міндетін атқарушы Сергей Колобановтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мүдделі уәкілетті органдары мен ұйымдарының өкілдерімен Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасы жобасының" осы бағдарламаны іске асыру" IX бөлімінің "Бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру" 2-кіші бөлімінің редакциясын келісу мәселесі бойынша 3-ші кеңес өтті.  

  Кеңес қорытындысы бойынша, жалпы талқылау барысында пысықталған бағдарлама жобасының "Осы бағдарламаны іске асыру" IX бөлімінің "Осы бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру" 2-кіші бөлімінің редакциясын мақұлдау, кеңеске қатысушылардың көрсетілген редакцияны қаржы министрліктерімен келісу қажеттілігі туралы ұстанымдарын белгілеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан мүдделі мемлекеттік билік органдарымен және ұйымдармен бірлесіп, Бағдарламаның жобасы мен "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасы туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешім жобасының "Осы бағдарламаны іске асыру" ІХ бөлімінің "Осы бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру" 2-кіші бөлімінің редакциясын келісуді және ықтимал қысқа мерзімде Еуразиялық экономикалық комиссияға біріккен ұстанымды жолдауын өтіну шешімі қабылданды.

2016 жылғы 14 және 26 шілдеде Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыру және Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасы жобасының "Осы бағдарламаны іске асыру" IX бөлімінің "Осы бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру" 2-кіші бөлімінің редакциясын келісу мәселесі бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мүдделі уәкілетті органдары мен ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кеңестері өтті.​

2016 жылғы 27 мамырда Консультативтік комитеттің 9-шы отырысында Одақтың ОЭН қалыптастыру бағдарламасының жобасы түпкілікті келісілді.

Одақтың ОЭН қалыптастыру бағдарламасының жобасын пысықтау және келісу мақсатында Одақтың ОЭН қалыптастыру жөніндегі кіші комитетінің 6 отырысы, сондай-ақ ЕЭК Алқасы жанындағы Электр энергетикасы жөніндегі Консультативтік комитеттің 5 отырысы өткізілді.

2015 жылғы 27 қазанда Одақтың ОЭН қалыптастыру бағдарламасының жобасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен энергетика министрліктеріне қарауға жіберілді. Аталған бағдарламаның жобасын "Одақтың ОЭН қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу" тақырыбы бойынша ҒЗЖ орындау шеңберінде "Питирим Сорокин - Николай Кондратьевтің Халықаралық институты" АНО дайындады. 

 2015 жылғы 22 мамыр мен 03 маусым аралығында Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми пайдалануы үшін "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға шарт жасасу құқығына екі кезеңді конкурс өткізілді.

2015 жылғы 25 ақпанда ЕЭК Алқасының жанындағы Электр энергетикасы жөніндегі Консультативтік комитеттің 5-ші отырысында тараптардың энергетика министрлері орынбасарларының қатысуымен 2015 жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының жүргізілуі мақұлданды.

  Ортақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыру бағдарламасы​