Жүйеге кіру
O_Departamente
Соңғы өзгертілген: 10.12.2020 10:13, пайдаланушы: admin

Департамент туралы​

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті (бұдан әрі – Департамент, Комиссия) Комиссияның Энергетика саласындағы қызметін қамтамасыз ететін Комиссияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті туралы ереже Комиссия Алқасы Төрағасының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 196 бұйрығымен бекітілген.

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Комиссияның энергетика саласындағы функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ету;

2) мүше мемлекеттерге:

үйлестірілген энергетикалық саясатты жүргізуде және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) энергетикалық ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыруда;

Одақтың энергетикалық ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру, олардың жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасауда жәрдемдесу;

          3) Одақтың энергетикалық ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау.

Департаментте үш бөлім жұмыс істейді:

- электр энергетикасы және атом саясаты бөлімі;

- мұнай-газ саясаты бөлімі;

- энергоресурстар саудасын дамыту бөлімі.

Бөлімдер Департамент міндеттерінің шешілуін және функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді.