Жүйеге кіру
ОРТЭ
Соңғы өзгертілген: 10.12.2020 12:51, пайдаланушы: admin

Энергоресурстар саудасын дамыту бөлімі

Энергоресурстар саудасын дамыту бөлімі 2015 жылдың шілде айында энергетика саласындағы интеграциялық бағыттарды кеңейту, соның ішінде энергия қауіпсіздігі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, сондай-ақ Энергоресурстар саудасын дамыту мәселелері жөніндегі департаменттің функцияларын іске асыру мақсатында құрылды.

Энергоресурстар саудасын дамыту бөлімінің қызметі:

1.         ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Шарттың ХХ "Энергетика" бөлімінде көзделген энергетика саласындағы міндеттемелерді орындауына мониторинг

Шарттың ХХ "Энергетика" бөлімінің 85 бабына сәйкес Комиссия аталған бөлім ережелерінің орындалуына мониторингті жүзеге асырады.

Мониторинг Шарттың ХХ "Энергетика" бөлімінің ережелерін орындауға байланысты мүше мемлекеттердің заңнамасына енгізілген өзгерістерді; мүше мемлекеттерде қабылданған энергетика саласындағы бағдарламалар мен даму стратегияларын және оларды үйлестіру жөніндегі шараларды; баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, энергетика саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет көрсетуіне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды; мүше мемлекеттердің аумағы бойынша электр энергиясын мемлекетаралық беруге кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау, энергия ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру үшін қажетті өзге ақпаратты алу мүмкіндігін береді.     

Өткен жылдың қорытындылары бойынша жиынтық ақпарат жыл сайын Комиссия Алқасы мен Кеңесінің қарауына шығарылады.

2.         Шартқа энергетикалық ынтымақтастық бағыттарын кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізу

Шартты жетілдіру бойынша жұмыс шеңберінде Департамент мүше мемлекеттердің энергия қауіпсіздігі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы энергетикалық ынтымақтастығын кеңейтуді, жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуын ұлғайтуды және экологиялық жағдайды жақсартуды көздейтін жаңа 79.1-баппен толықтыру бастамасымен сөз сөйледі. Бұл ұсынысты Қазақстан Республикасынан басқа барлық мүше мемлекеттер қолдады.

Осы жұмыс шеңберінде жыл сайын, 2017 жылдан бастап, Одаққа мүше мемлекеттердің отын-энергетикалық кешенінің жағдайы, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және экологиялық жағдайды жақсарту саласындағы негізгі даму бағыттарын талдау, сондай-ақ импортты алмастыру шеңберінде тиімділігі жоғары жабдықтар өндірісін ұйымдастыру мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.

2018 жылғы наурызда Департамент пен РФ Ұлттық энергия үнемдеу одағы арасында Энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемеге қол қойылды. 2018 жылғы 2 қарашада ЕЭК пен ТМД ЭЭК арасында Энергия үнемдеу, энергия тиімділігі және ЖЭК дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2019 жылғы 24 қазанда ЕЭК алаңында ЕЭК, ЭСКАТО және ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Атқарушы комитеті (ТМД ЭЭК) бірлесіп ұйымдастырған "Ортақ энергетикалық нарықты құру және энергетикалық қауіпсіздікті арттырудағы ЖЭК рөлі" тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Энергия үнемдеу, энергия тиімділігі, ЖЭК пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық тәжірибеге талдау жүргізіледі.

3.         Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарымен жұмыс

Аталған құжатта Одақтың энергетикалық ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыруға байланысты Департамент қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуын арттыру және экологиялық жағдайды жақсарту саласындағы мүше мемлекеттердің интеграциялық ынтымақтастығын дамыту бойынша жаңа бастамалар көрініс тапты.

4.         Одақтың ішкі нарығында энергетика саласындағы тосқауылдарды, алып қоюларды және шектеулерді жою

Қазіргі уақытта энергетика саласында ЕАЭО ішкі нарығында 11 шектеу және 2 алып қою анықталды, олар Комиссия қалыптастырған келісілген тізбеге енді. Оларды жою Одақтың энергия ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру процесіне және тиісті халықаралық шарттардың күшіне енуіне тікелей байланысты. Осы іс-шараларды іске асыру мерзімдері шартта белгіленген.

5.         Халықаралық ынтымақтастық

Департаменттің халықаралық қызмет бөлігіндегі негізгі функцияларын іске асыру мақсатында 2016-2019 жылдары Еуропалық одақтың энергетика саласындағы бірқатар реттеуші органдарымен, БҰҰ құрылымдарымен және халықаралық ұйымдармен жұмыс жүргізілді. Өзара түсіністік туралы бірқатар меморандумдар дайындалды және қол қойылды (Әлемдік энергетикалық кеңеспен, ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Атқарушы комитетімен, DENA Неміс энергетикалық агенттігімен, Газ экспорттаушы елдер федерациясымен және басқалармен).