Жүйеге кіру
Международная-деятельсность
Соңғы өзгертілген: 10.12.2020 13:31, пайдаланушы: admin
 
  

Халықаралық қызмет​

 

       ЖЕЭК-тің 2015 жылғы 16 қазандағы № 26 "Еуразиялық экономикалық одақтың 2015-2016 жылдарға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары туралы" шешіміне сәйкес Энергетика департаментінің энергоресурстармен сауданы дамыту бөлімі энергетика саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметін зерделеу, сондай-ақ энергоресурстар саудасы бойынша биржалық құралдарды әзірлеудің халықаралық тәжірибесін шоғырландыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Энергетика саласында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту мақсатында ЕЭК қол қойған меморандумдар шеңберінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды дамытуға көп көңіл бөлінеді (Еуразиялық даму банкі, ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Атқарушы комитеті, БҰҰ ЕЭК Тұрақты энергетика департаменті, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы). Сонымен қатар, энергетика департаментінің қызметкерлері интеграциялық процестерді дамыту, өзара сауданы көтермелеу және кеңейту, ЕЭК Моңғолия және Чилимен экономикалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша күш-жігер мен қызметті үйлестіру жөніндегі жұмыс топтарының құрамына кірді.

2016 жылғы 18 сәуірде Энергетика департаментінің қызметкерлері энергия тиімділігі және жаңартылатын энергетика жөніндегі жұмыс тобының және ТМД Электр энергетикалық кеңесі Атқарушы комитетінің (бұдан әрі – ТМД ЭЭК) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс тобының бірлескен отырысына қатысты.

2016 жылғы 10 маусымда ТМД ЭЭК отырысы шеңберінде энергетика саласындағы уәкілетті органдар басшылары деңгейінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен ТМД ЭЭК арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды. ТМД ЭЭК үшін бұл құжатқа Кеңес президенті, Ресейдің энергетика министрі А.В. Новак қол қойды, ал ЕЭК үшін Комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Д.Т. Ибраев қол қойды.

Жетекші энергетикалық биржалармен өзара іс-қимыл жүргізілуде:

- Еуропалық энергетикалық биржа (ЕЕХ),

- Еуропалық электр энергиясы биржасы (BELPEX),

- Еуропалық энергетикалық биржа (EPEX SPOT),

- ICE Еуропалық энергетикалық биржасы (мұнай секциясы),

- ICE Endex табиғи газ және энергетикалық деривативтерімен сатуға арналған еуропалық биржа (газ секциясы),

- Еуропалық деривативтермен сауда биржасы (NASDAQ OMX Commodities),

- Францияның энергетикалық биржасы (Powernext).

Келесі халықаралық ұйымдармен байланыс орнатылды және ынтымақтастық дамуда:

- Энергетикалық биржалар қауымдастығы (APEx),

- Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қоғамдастық (Еуратом),

- Жүйелік операторлардың үйлестірушісі (CORESO),

- Электр энергиясын берудің жүйелік операторларының еуропалық желісі (ENTSO-E),

- ЕО энергетикалық реттеуіштерінің өзара іс-қимыл агенттігі (АCER),

- Еуропалық энергетикалық реттеушілер кеңесінің хатшылығы (СЕЕR),

- Еуропалық газ өнеркәсібі одағы (Еурогаз),

- Газ тасымалдау жүйелері операторларының еуропалық желісі (ENTSOG),

         - Еуропалық комиссияның энергетика жөніндегі Бас директораты,

         - Халықаралық энергетикалық хартия хатшылығы,

- Еуропалық энергетикалық қоғамдастық,

-Орталық Америка ортақ нарығының электр энергетикасы саласындағы өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі комиссия (SEIPAC),

- АҚШ Энергетика саласындағы реттеу жөніндегі федералды комиссия

(FERC),

- Pjm Interconnection нарығының жүйелік операторы,

- Дүниежүзілік жел энергетикасы қауымдастығы (WWEA),

- Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA),

- Дүниежүзілік жел энергетикасы кеңесі (GWEC),

- Әлемдік энергетикалық кеңес (МИРЭС).

Энергетика департаментінің қызметкерлері "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығының архитектурасы туралы" тақырыбында Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) жанындағы газ жөніндегі сараптамалық топтың үшінші сессиясының жұмысына баяндамамен қатысты.

Энергетика департаменті қызметінің маңызды бағыты Еуразиялық экономикалық одақ – Жібек жолының экономикалық белдеуі шеңберінде артықшылықты салалық жобалар мен өзара іс-қимыл салаларын айқындау, сондай-ақ тиісті "жол картасы" жобасын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

           2016 жылғы 2 маусымда Энергетика департаменті ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп, ЕАЭО мен ЭПШП-нің энергетика саласындағы түйісу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін (жұмыс тобының отырысы) өткізді. Кеңес барысында ЕАЭО – ЭПШП түйісуі бойынша "жол картасын" қалыптастыру тәсілдемелері талқыланды және перспективалы салалық жобалардың алдын ала тізбесі қалыптастырылды.