Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіЭнергетика және инфрақұрылым
Асанбеков Темирбек Ишенбаевич

Асанбеков Темирбек Ишенбаевич

1966 жылғы 18 маусымда Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ананьево селосында туған.

1993 жылы К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын «ғалым агроном» мамандығы бойынша бітірген.

1984-1986 жылдары Кеңес армиясы қатарында Ауғанстандағы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында, Герат провинциясында, мотоатқыштар батальонында взвод командирінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Әскерден аға сержант атағымен оралды. Әскери қызметі уақытында «Батылдығы үшін» медалімен және КСРО Президенті М.С. Горбачевтің «Интернационалдық борышын орындағаны үшін» Құрмет грамотасымен наградталды.

1993 - 1994 жылдары Ыстықкөл облысының Ак-Суй ауданында «Кайнар» аграрлық бірлестігі бас директорының орынбасары болды.

1994 - 1995 жылдары Қырғызстанда жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

1996 - 1998 жылдары Америкалық «AIG» сақтандыру компаниясының (Мәскеу қаласы) аға менеджері болып істеді.

1998 - 2002 жылдары «ATM-АГРО» ЖШҚ бас директоры қызметін атқарды (Мәскеу қаласы).

2002 - 2005 жылдары «Арбат менеджмент» басқарушы компаниясы» ЖШҚ (Мәскеу қаласы) бас директоры болды.

2005 - 2007 жылдары «Преображенский іскерлік орталығы» (Мәскеу қаласы) жобасын басқарды.

2007 - 2010 жылдары «Аспол-Центр» компаниясын басқарды.

2010 жылы «Қырғызстандықтарды қорғауға жәрдемдесу және қолдау орталығы» КӘ (Мәскеу қаласы) құрды және басқарды.

2010 жылдан бастап 2021 жылға дейін «Мекен Ынтымагы» партиясының төрағасы болды.

«Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының (Ресей) мүшесі болып табылады, экономикалық клубтың үйлестіру кеңесінің құрамына кіреді.

Үйленген, төрт баласы бар.

2021 жылғы 30 маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) болып тағайындалды.