Вход
Департамент туралы

Департамент туралы

 

Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті (бұдан әрі – Департамент) - Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың, еңбек ресурстарының, қызметтер көрсету мен капиталдың ішкі нарықтарының жұмыс істеуі саласында Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшесі.

Департамент туралы ереже Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2016 жылғы 25 мамырдағы № 128 бұйрығымен бекітілген.

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және оларды жою мониторингі механизмдерін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және оларды жою мониторингі;

3) мүдделі тұлғалармен бірлесіп анықталған тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді жоюға, қысқартуға және (немесе) барынша азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу;

4) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және жою мониторингі мәселелері бойынша мүдделі тұлғалармен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;

5) ішкі нарықтардың жұмыс істеуі саласында халықаралық және өңірлік ұйымдармен, интеграциялық бірлестіктермен екіжақты, көпжақты ынтымақтастық орнату жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Департамент мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

1) Комиссия Алқасы мүшелерінің қарауы үшін ішкі нарықтардың жұмыс істеу мәселелері (соның ішінде халықаралық шарттар жасасу және оларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар) бойынша материалдар, Одақ органдары актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

2) мүдделі тұлғалармен бірлесіп тосқауылдар, алып қоюлар мен шектеулер туралы дерекқор қалыптастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені құрады, оның жұмыс істеуін және оны Комиссия мен мүдделі тұлғалардың пайдалануын қамтамасыз етеді;

3) институционалдық және реттеуші тәуекелдерді бағалау матрицасын құру құралдарын әзірлейді және қолданады;

4) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау мақсатында ішкі нарықтардың жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады;

5) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау мақсатында Комиссияның құрылымдық бөлімшелері жүргізген ішкі нарықтардың жұмыс істеу мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты алады және жинақтайды;

6) ішкі нарықтардың жұмыс істеу мониторингі нәтижелері туралы ақпараттың негізінде тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді жою жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;

7) қағидаттарды, әдістерді, қағидаларды, механизмдерді әзірлейді, сондай-ақ ішкі нарықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде, сондай-ақ тосқауылдардың, алып қоюлар мен шектеулердің бар екендігінің нақты фактілері (жағдайлары) анықталған кезде пайда болатын дауларды шешу (медиация) үшін нормативтік база қалыптастырады;

8) консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы, сондай-ақ Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де тәсілдермен дауларды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу үшін материалдар дайындауды жүзеге асырады;

9) мүдделі тұлғалар және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары анықтаған (тіркеген) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді жою жөнінде ұсыныстар дайындауды және мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіруге және (немесе) мүше мемлекеттердің құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

10) тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің қозғалыста болуының трансшекаралық еркіндігі дәрежесі бойынша елдердің рейтингін қалыптастырады;

11) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау мақсатында мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері жобаларының Шарттың, халықаралық шарттардың және Одақ құқығын құрайтын актілердің ережелеріне сәйкестігі мониторингін жүзеге асырады;

12) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына хабарлау үшін анықталған тосқауылдар, алып қоюлар мен шектеулер туралы ұсыныстар дайындайды және оларды жоюға бағытталған қызмет мониторингін жүзеге асырады;

13) тосқауылдардың, алып қоюлар мен шектеулердің анықталғаны және жойылғаны туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындайды;

14) тосқауылдардың, алып қоюлар мен шектеулердің жойылғаны туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етуді қамтамасыз етеді;

15) консультативтік органдар құру туралы ұсыныстар дайындайды;

16) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша консультативтік органның (органдардың) қызметін ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

17) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына қосу үшін ұсыныстар әзірлейді және береді;

18) талдаудың әртүрлі әдістерін (зерттеулерді, сауалдамаларды, бақылау мақсатындағы сатып алу механизмдерін және басқа әдістерді) қолдана отырып, тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау процесін ұйымдастырады;

19) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

20) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша конференцияларды, семинарларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және олардың жұмысына қатысады;

21) Комиссия Алқасы және Комиссия Кеңесі мүшелерінің қарауы үшін талдамалық және анықтамалық материалдар дайындауды жүзеге асырады;

22) өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

Департаментте үш бөлім құрылған:

- мониторинг және ақпараттық өзара іс-қимыл бөлімі;

- жоспарлай және ішкі нарықтардың жұмыс істеуін талдау бөлімі;

- сараптама және медиация бөлімі.