Вход
Отдел-экспертизы-и-медиации
Изменен в 21.08.2019 14:04 пользователем: Умытбаев Берик Алтаевич
Сараптама және  медиация бөлімі

 

Телефон: + 7 (495) 669 24 00


Савостьян Сергей Валерьевич  департамент бөлімінің бастығы, тел: 58-30

Сәрсенов Айдар Маратұлыбөлім бастығының орынбасары, тел: 58-31


Назарян Ануш Араевна – кеңесші, тел: 58-32

Романова Марина Евгеньевна – кеңесші, қос. 58-45

Шинкарев Валерий Валентинович – кеңесші, тел: 58-33

Панков Сергей Сергеевич – консультант, тел: 58-34

Жукова Екатерина Александровна – бас маман-сарапшы, тел: 58-54

Казарян Мгер Сергеевич - бас маман-сарапшы тел: 58-37

 

Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

1) Комиссия Алқасы мүшелерінің қарауы үшін ішкі нарықтардың жұмыс істеу мәселелері (соның ішінде халықаралық шарттар жасасу және оларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар) бойынша материалдар, Одақ органдары актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

2) қағидаттарды, әдістерді, қағидаларды, механизмдерді әзірлейді, сондай-ақ ішкі нарықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде, сондай-ақ тосқауылдардың, алып қоюлар мен шектеулердің бар екендігінің нақты фактілері (жағдайлары) анықталған кезде пайда болатын дауларды шешу (медиация) үшін нормативтік база қалыптастырады;

3) мүдделі тұлғалар және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары анықтаған (тіркеген) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді жою жөнінде ұсыныстар дайындауды және мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіруге және (немесе) мүше мемлекеттердің құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

4) консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы, сондай-ақ Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де тәсілдермен дауларды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу үшін материалдар дайындауды жүзеге асырады;

5) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына хабарлау үшін анықталған тосқауылдар, алып қоюлар мен шектеулер туралы ұсыныстар дайындайды және оларды жоюға бағытталған қызмет мониторингін жүзеге асырады;

6) тосқауылдардың, алып қоюлар мен шектеулердің анықталғаны және жойылғаны туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындайды;

7) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

8) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша конференцияларды, семинарларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және олардың жұмысына қатысады;

9) өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.​​​​​