Вход
Отдел-мониторинга-и-информационного-взаимодействия
Изменен в 21.08.2019 14:19 пользователем: Умытбаев Берик Алтаевич
 Мониторинг және ақпараттық өзара іс-қимыл бөлімі
 

Телефон: + 7 (495) 669 24 00


Хоршев Дмитрий Юрьевич – департамент бөлімінің бастығы, қос. 58-40

Ращуков Сергей Александрович – бөлім бастығының орынбасарықос. 58-41


Виноградова Светлана Анатольевна – кеңесші, тел: 58-36

Үмітбаев Берік Алтайұлы – кеңесші, қос. 58-42

Алишерова-Дуймаз Айжан Туралиевна – консультант, тел: 58-20

Слободчук Тимур Александрович – консультант, қос. 58-44

Карагулова Айгерим Мурзапаязовна – бас маман-сарапшы, қос. 58-46

 

Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

1) мүдделі тұлғалармен бірлесіп тосқауылдар, алып қоюлар мен шектеулер туралы дерекқор қалыптастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені құрады, оның жұмыс істеуін және оны Комиссия мен мүдделі тұлғалардың пайдалануын қамтамасыз етеді;

2) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау мақсатында ішкі нарықтардың жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады;

3) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау мақсатында Комиссияның құрылымдық бөлімшелері жүргізген ішкі нарықтардың жұмыс істеу мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты алады және жинақтайды;

4) мүдделі тұлғалар және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары анықтаған (тіркеген) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді жою жөнінде ұсыныстар дайындауды және мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіруге және (немесе) мүше мемлекеттердің құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

5) тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау мақсатында мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері жобаларының Шарттың, халықаралық шарттардың және Одақ құқығын құрайтын актілердің ережелеріне сәйкестігі мониторингін жүзеге асырады;

6) тосқауылдардың, алып қоюлар мен шектеулердің анықталғаны және жойылғаны туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындайды;

7) тосқауылдардың, алып қоюлар мен шектеулердің жойылғаны туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етуді қамтамасыз етеді;

8) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша консультативтік органның (органдардың) қызметін ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

9) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша конференцияларды, семинарларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және олардың жұмысына қатысады;

10) өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.​​​