Жүйеге кіру
Караян Хажак Гамлетович

Караян Хажак Гамлетович

1972 жылғы 2 қаңтарда туған.

1993 жылы Ереван мемлекеттік университетін, 1997 жылы аспирантура бітірген.

1996 - 1997 жылдар – РФ Дубна қаласындағы Бірлескен ядролық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер.

1997 жылы – ЕМУ оқытушысы, Ереван қаласы, АР.

1997-1999 жылдар – армия қатарындағы қызмет, АР.

2000-2004 жылдар – Ереван қаласы мэриясының жанындағы «Ереван қаласының Экологиялық қауіпсіздік және бақылау орталығы» МЖАҚ директоры, АР.

2004-2009 жылдар – Ереван қаласы мэриясының жанындағы «Ереван қаласының Басқару технологиялары орталығы» МЖАҚ директоры, АР.

2010-2013 жылдар – АР үкіметінің жанындағы жылжымайтын мүлік кадастры мемлекеттік комитеті төрағасының кеңесшісі, АР.

2013-2016 жылдар – АР үкіметінің жанындағы жылжымайтын мүлік кадастры мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, АР.

2016 жылғы қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.