Ақпараттық технологиялар департаменті - Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшесі.

 

Ақпараттық технологиялар департаменті туралы ереже Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 386 бұйрығымен бекітілді.

  

Департамент қызметінің міндеттері мен бағыттарын айқындайтын негізгі нормативтік құжаттар: ​

-2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 23-бабы;
-Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттама (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша).

Департаменттің негізгі міндеттері:
-халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға, Департаменттің құзыретіне жататын бөліктегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
-Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – Одақтың интеграцияланған жүйесі, ИАЖ) құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
-Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) шеңберінде трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
-электронды түрдегі ақпаратты құжаттандыру қағидаларын, электронды түрдегі ақпараттарды құжаттандыру жалпы инфрақұрылымының шеңберінде типтік ақпараттық-технологиялық шешімдерді және бағдарламалық-аппараттық кешендерді әзірлеуді үйлестіру; 
-Одақта нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесін құру және жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-Комиссияның интеграцияланған сегментін, Комиссияның интеграцияланған жүйесін, ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін құру және жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-Комиссияның сенімді үшінші тарапының сервистерін құру және жұмыс жасауын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;
-Одақ шеңберінде жалпы процестерді интеграцияланған жүйенің құралдарымен іске асырған кезде өзара ақпараттық іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-Комиссияның ақпараттық-техникалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын құру және дамыту, Комиссиядағы бөлімшелерді есептеуіш техника құралдарымен, телекоммуникациялық жабдықпен, байланыс құралдарымен, бағдарламалық-аппараттық кешендермен, ақпараттық жүйелермен және бағдарламалық қамтылыммен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-Комиссия қызметіне қағазсыз технологияларды және электрондық құжат айналымын енгізу, электрондық құжаттарды біріздендіру мен үндестіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-Комиссияның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарын әзірлеуді, енгізуді және қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
-Одақтың ортақ нормативтік-анықтамалық ақпаратының электрондық дереқорын әзірлеуді, енгізуді және жүргізуді ұйымдастыру;
-есептеуіш техника құралдарын, телекоммуникациялық жабдықты, телефон байланысы мен бейнеконференция байланысы жүйелерін пайдалануды техникалық жағынан жүйелі түрде сүйемелдеп отыру;
-мүше мемлекеттердің трансшекаралық электрондық құжат айналымы жүйесін құру және оның жұмыс істеуі кезінде ақпараты кешенді түрде қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жұмыстарды үйлестіруге қатысу;
-Комиссияның ақпараттық жүйелеріндегі және деректер беру желілеріндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпаратты техникалық қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Ақпараттық технологиялар департаменті белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1. Департменттің жауапкершілігі шегінде, Комиссия Алқасы мүшелерінің қарауы үшін Одақты қалыптастыру және оның жұмыс істеуі мәселелері бойынша материалдарды, шешімдер мен ұсынымдар жобаларын, соның ішінде халықаралық шарттарды жасасу мен өзгерту бойынша ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады.
2. Департаменттің жауапкершілігі шегінде, Одақты қалыптастыру және оның жұмыс істеуі үшін қажетті халықаралық шарттардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындауды жүзеге асырады.
 3. Интеграцияланған жүйені құру, енгізу және дамыту мәселелері бойынша Кеңес пен Алқаның Шешімдері мен Ұсынымдары жобаларының әзірленуін қамтамасыз етеді.
4. Интеграцияланған жүйені құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі жұмыстардың орындалуын ұйымдастыруды және орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
5. Комиссияның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Комиссияның жыл сайынғы ақпараттандыру жоспарының жобасын, Комиссияның ақпараттандыру жоспарына өзгерістер жобасын дайындайды.
6. Ақпараттық технологияларды, ақпараттық-техникалық құралдарды, телекоммуникация мен байланыс желілері мен құралдарын дамытудың перспективалық бағыттарына талдау жүргізеді, Комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін оларды қолдану бойынша ұсыныстар әзірлейді.
7.  Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссия үшін ақпараттық-техникалық және телекоммуникациялық құралдарды, байланыс құралдарын (соның ішінде ұтқыр), вирусқа қарсы қорғану құралдарын, ақпаратты қорғау құралдарын, бағдарламалық қамтылымды, қызметтер көрсету мен жұмыстарды сатып алудың техникалық талаптарын әзірлейді және көлемін айқындайды.
8. Есептеуіш техника құралдарын, бағдарламалық құралдарды және байланыс құралдарын (соның ішінде ұтқыр) сатып алуды, олармен жарақтауды және Комиссия бөлімшелерінің пайдалануына бақылау жасауды ұйымдастырады.
9. Техникалық пайдалану, кепілдік мерзімінде және кепілдік мерзімі өткен соң сүйемелдеу процесінде Комиссияның ақпараттық-техникалық және телекоммуникациялық инфрақұрылым құралдарын жоспарлауды, келіп түсуін есепке алуды және бөлінуін (орын ауыстыруын) қамтамасыз етеді.
10. Электрондық түрдегі ақпаратты құжаттандыру талаптарына, Комиссияның ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану тәртібіне, бағдарламалар мен Алгоритмдер мен бағдарламалар қорын қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібіне, ақпараттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды айқындайтын ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлейді.

11. Комиссияның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Комиссияның ақпараттық ресурстарының құрылуы мен жүргізілуін және олардың Интернет желісінде орналастырылуын қамтамасыз етеді.
12. Комиссияның жанындағы Ақпараттық технологиялар жөніндегі консультативтік комитеттің жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
13. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Тараптардың уәкілетті мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
14. Одақтың ортақ ақпараттық кеңістігін құруға және мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға бағытталған электрондық құжаттарды, ақпараттық технологиялар мен техникалық шешімдерді стандарттау және біріздендіру мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
15. Комиссия қызметкерлерін пайдалануға қабылданған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды қолдану мәселелері, Комиссияның оқшау есептеу желісіндегі ақпараттық-техникалық құралдармен жұмыс істеу кезінде белгіленген ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша оқыту жөнінде іс-шаралар ұйымдастырады.
16. Интеграцияланған жүйенің ақпараттық қауіпсіздігі кіші жүйесін құру шеңберінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
17. Интеграцияланған жүйенің ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жобалауға, оны сынақтан өткізуге, қабылдауға және пайдалануға беруге қатысады.
18. Ақпаратты, соның ішінде Одаққа мүше әрбір мемлекеттің заңнамасына сәйкес таралуы шектеулі мәліметтерді қамтитын ақпаратты қорғауға және алмасу тәртібіне қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу және жетілдіру мақсатында Одаққа мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
19. Одақтың ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және келісуге қатысады және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
20. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Комиссияның  бөлімшелері мен қызметкерлері үшін басқарушылық және регламенттеуші құжаттардың әзірленуін және енгізілуін ұйымдастырады

Департаментте бес бөлім құрылған:
Ақпараттық қамсыздандыру және электрондық құжаттарды біріздендіру бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:
-Департаменттің құзыретіне жататын бөлікте халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға, өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
-Одақтың ортақ ақпараттық кеңістігін құруға бағытталған электрондық құжаттарды біріздендіру және үндестіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Одақтың жалпы нормативтік-анықтамалық ақпаратының  (Одақтың НАА) электрондық дерекқорын әзірлеуді, енгізуді және жүргізуді ұйымдастыру.  

КО және БЭК интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:
-Интеграциялық жүйені құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
-Интеграцияланған жүйеде Комиссияның интеграциялық сегментін құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-Интеграциялық жүйелерді құру, дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде қолданылатын ұйымдастырушылық және техникалық шешімдерді біріздендіру үшін техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық құжаттардың жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-Одақ шеңберіндегі ортақ процестерді интеграцияланған жүйе құралдарымен іске асырған кезде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысу.

Ақпараттық жүйелер мен дерекқорды пайдалануды және дамытуды ұйымдастыру бөлімі 
Бөлімнің негізгі міндеттері:
-Комиссияның қызметіне қағазсыз технологияларды және электрондық құжат айналымын енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-Комиссияның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарын пайдалануды қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Телекоммуникациялар және есептеуіш техника құралдарын пайдалануды ұйымдастыру бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:
-Комиссияның ақпараттық-техникалық және технологиялық инфрақұрылымын құру және дамыту;
-Комиссияның бөлімшелерін есептеуіш техника құралдарымен, телекоммуникациялық жабдықпен, байланыс құралдарымен, бағдарламалық-аппараттық кешендермен, ақпараттық жүйелермен және бағдарламалық қамтылыммен жарақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:
-Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-Интеграцияланған жүйенің ақпараттық қауіпсіздігін басқару кіші жүйесін құру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу және жұмыстарды үйлестіру;
-Интеграцияланған жүйенің ақпараттық қауіпсіздігі кіші жүйесін құру шеңберінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу және жұмыстарды үйлестіру;
-Комиссияның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарындағы ақпараттың қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ақпаратты қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау.