Жүйеге кіру
Сушкевич Алексей Геннадьевич

Сушкевич Алексей Геннадьевич

1966 жылы 4 шілдеде Калуга облысының Обнинск қаласында туған.

1988 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ бітірген, «Саяси экономия» мамандығы берілген. 1990 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетінің аспирантурасын аяқтаған. 1992 жылы кандидаттық диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.

1991-1993 жылдары - КСРО ҒА АҚШ және Канада институтының аға лаборанты, ғылыми қызметкері, Мәскеу қаласы.

1993-1995 жылдары - «Макс» АҚ Мәскеу акционерлік сақтандыру компаниясының бөлім бастығы, Мәскеу қаласы.

1995-1996 жылдары - «Кредиттік одақтарды дамыту орталығы» қоғамдық ұйымы кәсіпорнының сақтандыру бойынша консультанты, Мәскеу қаласы.

1996-2000 жылдары - «Беневита ЛКС» сақтандыру компаниясы-ЖАҚ президенті, бас директоры, Мәскеу қаласы.

2000-2002 жылдары - «ЯБЛОКО» бірлестігі» Жалпыресейлік саяси қоғамдық ұйымының сарапшысы, Мәскеу қаласы.

2002-2003 жылдары - «Азаматтық қоғам институттарын дамытуды қолдау» Өңірлік зерттеу қорының заң жобалау және заң сараптау жұмыстары  бағдарламасының басшысы, Мәскеу қаласы.

2004-2016 жылдары - Федералдық монополияға қарсы қызмет Талдау, әдіснама және норма шығарушылық басқармасының бастығы, Талдау басқармасының бастығы, басшысының көмекшісі, Мәскеу қаласы.

2016 жылғы 16 мамырдан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры.

2010 жылы Ресей Президентінің Жарлығымен «Ресей Федерациясының еңбек сіңірген экономисі» атағы берілді. 20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы болып табылады, экономикалық теорияның әртүрлі аспектілері бойынша бірқатар ұжымдық монографиялар мен оқулықтар жазуға қатысқан.