Жүйеге кіру
Бәсекелестікті қорғау

Бәсекелестікті қорғау

 
БЭК аумағында бәсекелестік мәселелері мен Бәсекелестік туралы Келісімді жүзеге асыру кезеңдерін түсіндіру мақсатында 2012 жылы үш елдің мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктерінің, бизнесінің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен халықаралық қоғамдық іс-шаралар өткізілді. 
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) «Бірыңғай бәсекелестік саясат – БЭК тиімді қызмет етуінің қажетті шарты» тақырыптары бойынша 5 халықаралық «дөңгелек үстел» ұйымдастырып, мына қалаларда өткізді:
Ø Қарағанды қаласы (Қазақстан Республикасы), онда БЭК қызмет етуі мәселелері қаралды.
Бұл аталған «дөңгелек үстелге» мыналар қатысты: Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Бірінші орынбасары (ал қазірде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі) С.Н.Ахметов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары,  Беларустың, Қазақстан мен Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары, Қарағанды облысының басшылығы, Беларустың, Қазақстан мен Ресейдің бизнес өкілдері.
Ø Новосібір қаласы (Ресей Федерациясы), онда да БЭК қызмет етуі мәселелері қаралды.
Бұл аталған «дөңгелек үстел» отырысына мыналар қатысты: Новосібір облысының губернаторы В.А. Юрченко, Новосібір облысының Заңнамалық Жиналысының Төрағасы И.Г. Мороз, Ресей Федерациясы Президентінің Новосібір Федералдық округіндегі Өкілетті Өкілінің орынбасары Л.Е. Бурда, Новосібір облысының Үкімет Төрағасының Бірінші орынбасары – Новосібір облысының экономикалық даму министрі А.Н. Струков, Беларустың, Қазақстан мен Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары, Беларустың, Қазақстан мен Ресейдің бизнес өкілдері.
Ø Өскемен қаласы (Қазақстан Республикасы), БЭК тауар нарықтарында, бірінші кезекте отын-энергетика кешенінің (электр энергиясы, жанар-жағар май материалдары, газ және т.б.) трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің тең шарттарын қамтамасыз ету, тараптардың кәсіпкерлік субъектілері БЭК тауар нарықтарына кіргенде кедергілерді жою  бойынша, тауар нарықтарына шаруашылық субъектілерінің кемсітусіз қол жетімділігі бойынша ұсыныстарды қоса алғанда, үш елдің әрқайсысының бәсекелестік саясат саласындағы заңнамасын үйлестіру және жетілдіру мәселелері қаралды.
Бұл аталған «дөңгелек үстелге» мыналар қатысты: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасының орынбасары А.С. Судьин, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Беларустың, Қазақстан мен Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары, Өскемен облысының басшылығы, Беларустың, Қазақстан мен Ресейдің бизнес өкілдері.
Ø Волгоград қаласы (Ресей Федерациясы), онда Беларусь пен Қазақстанның өндіріс тауарларының Ресей нарығына шығулары мәселелері талқыланды.
Бұл аталған «дөңгелек үстел» жұмысына мыналар қатысты: Ресей Федерациясының Федералдық құрылым, аймақтық саясат, жергілікті өзін-өзі басқару және Солтүстік аймақтың істері бойынша Федерация Кеңесі Комитетінің мүшесі Н.К. Максюта, Ресей Федерациясы Волгоград облысы Экономика министрінің міндеттерін уақытша атқарушы И.В. Александрина, Беларустың, Қазақстан мен Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары, Беларустың, Қазақстан мен Ресейдің бизнес өкілдері.
Ø Гродно (Беларусь Республикасы), онда зияткерлік меншік (тауар белгілері) және өзара саудадағы кедергілерді жою мәселелері қаралды.
Бұл аталған «дөңгелек үстелде» мыналар қатысты: Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Өкілдер палатасындағы Тұрақты комиссиялардың Төрағалары В.В. Кравцов пен Д. И. Харитончик, Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Ресей Федерациясының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің өкілдері,  Беларустың, Қазақстан мен Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары, Беларустың, Қазақстан мен Ресейдің бизнес өкілдері.
 
2013 жылы Бәсекелестік туралы Модельдік заң жобасын талқылау бойынша іс-шаралар
Беларус, Қазақстан және Ресейде депутаттарды, билік органдарының, бизнес-қоғамдастықтардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қатыстыра отырып, өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен дөңгелек үстелдер:
Беларусь Республикасы – Минск қаласы, Брест қаласы
Қазақстан Республикасы – Астана қаласы, Алматы қаласы
Ресей Федерациясы  – Новосібір қаласы, Қазан қаласы​
Жұмыс тәжірибелері мол мемлекеттердің монополияға қарсы органдары (Жапония, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және т.б.)
​​