Жүйеге кіру
Жұмабаева Әлия Маратқызы

Жұмабаева Әлия Маратқызы

1971 жылы 5 тамызда Ақмола облысының Көкшетау қаласында туған.

1996 жылы «Семей» мемлекеттік университетін (Ет және сүт өнеркәсібінің Семей технологиялық институты) «Экономика және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Құқықтану академиясын - «Әділет» құқықтық жоғары мектебін бітірген соң «Құқықтану» мамандығы берілген.

2009 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ «Master of Business Administration» МВА бағдарламасын («Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» мамандығы) бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы бухгалтер-кассир қызметінен бастаған, 1997 жылдан 1998 жылға дейін Көкшетау қалалық Білім департаментінің жетекші экономисі болып қызмет еткен.

1998 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің департаменттерінде жетекші, бас маман, бөлім бастығының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарған.

2001 жылдан 2003 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі департаменті бөлімі бастығының міндетін атқарушы,  бөлім бастығы, Басқарма бастығы, директорының орынбасары.

2003 жылғы сәуіртамыз аралығында  - «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ бас сарапшысы.

2003 жылдан 2005 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Бәсекелестікті қорғау және дамуын үйлестіру департаментінің директоры, Теміржол көлігі және порттар саласындағы реттеу және бақылау департаментінің директоры.

2006 жылдан 2008 жылға дейін - консалтинг компанияларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2008 жылдан 2009 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ішкі аудит департаментінің директоры, Статистикалық процестер және инструментарий департаментінің директоры.
2010 жылдан 2011 жылға дейін - «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ  ICS департаментінің директоры.

2011 жылдан 2014 жылға дейін - «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Интеграциялық саясат департаментінің директоры.

2014 жылдан 2017 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2017 жылғы 18 қазаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.