Жоғары қарай шарлау
Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыАрмения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін Еуразиялық экономикалық одақ
Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін Еуразиялық экономикалық одақ
  • EEC
    • Комиссия құрылымы
      • Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін Еуразиялық экономикалық одақ
Армения Республикасының,
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының,
Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының
Еуразиялық экономикалық одағы
182,7 млн. адам
20 млн. шаршы км астам
әлемдік құрлықтың 14%-ы
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин

«Біз алдымызға шамшыл міндет қойып отырмыз — Еуразиялық одаққа шығу. Біз қазіргі заманғы әлемнің полюстерінің бірі болуға қабілетті, қуатты ұлттықтан жоғары бірлестік модельін ұсынамыз.

Табиғи ресурстарын, капиталдарды, күшті адамзат әлеуетін біріктіру Еуразиялық одаққа индустриалды әрі технологиялық бәйгеде, инвесторлар үшін, жаңа жұмыс орындарын және озық өндірістерді құру үшін жарыста бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігін береді. Басқа өзекті ойыншылармен және аймақтық құрылымдармен қатар ғаламдық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Біздің елдеріміз тек бірге ғана ғаламдық өсу және өркениет прогрессінің көшбасшыларының қатарына кіруге, сәттілікке жетуге және өркендеуге қабілетті».

География

• Аумағы — 17,1 млн. км2
• Халқы — 146,3 млн. адам
• Астанасы — Мәскеу, 12,1 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштері

Жалпы ішкі өнім 2013 жылы 2 097,9 млрд. АҚШ долларын құрады, 2011-2013 жылдар ішіндегі орташа жылдық өсу қарқыны – 103,0%.

2014 жылғы өнеркәсіптік өндіріс көлемі (меншікті өндірілген тауарларының тиелген көлемі) — 1143,3 млрд. АҚШ доллары. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 102,6%.

2014 жылғы газ конденсатын қоса санағанда, мұнай өндірісі — 525 млн. тонна, халқына шаққанда — 3 650 кг.

2014 жылғы табиғи газ өндірісі — 639,2 млрд м3, халқына шаққанда — 4 444 м3

2014 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі — 111,3 млрд. АҚШ доллары. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 106,5%.

Сыртқы сауда көлемі (ағымды бағалармен) 2010 жылғы 629 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылғы 786,9 млрд. АҚШ долларына дейін көбейді, соның ішінде экспорт – 398,7 бастап 499,4 млрд. АҚШ долларына дейін, импорт – 230,3 бастап 287,5 млрд. АҚШ долларына дейін.

Негізгі өнеркәсіп салалары

Мұнай және газ шығару, асыл тастар мен металдарды қайта өңдеу, ұшақ жасау, зымыран-ғарыштық өндіріс, атом өнеркәсібі, қару және әскери техника өндіру, электр техникасы, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі, көлік, жол және ауыл шаруашылық машинасын жасау, жеңіл және тағам өнеркәсібі.

Қосымша

Аса ірі өзендер, мемлекет аумағы бойынша созылуы, км: Лена – 4337, Енисей (Ангарамен) – 3 844, Волга – 3 694, Обь – 3 676, Амур – 2 855

Аса ірі көлдер, мың км2: Каспий теңізі – 371, Байкал – 31,5, Ладожское – 17,7, Онежское – 9,7

Теңіз деңгейінен ең үлкен биіктік: Эльбрус тауы – 5 642 м

Орташа айлық температура: қаңтар: 0° С, -5° С (Солтүстік Кавказ) бастап -40° С, -50° С дейін (Саха Республикасының шығысы (Якутия); шілде: + 1° С (Сібірдің солтүстік жағалауы) бастап + 24-25° С дейін (Каспий маңы ойпаты)
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан, Ресей мен Белоруссияның Кеден одағы тарихта алғаш рет өзара құрмет, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтау және ортақ болашақтың беріктігін ұғыну негізінде елдеріміздің халқын жақындастырады.

Кеден одағының біртіндеп Біртұтас экономикалық кеңістікке, ал уақыт өте — Еуразиялық экономикалық одаққа түрленуі халықтарымыздың өркендеуі үшін қуатты түрткі болады, елдерімізді ғаламдық әлемдегі жетекші ұстанымдарға шығарады.

Біз барлығымыз, ортақ бай өткен шақ тәжірибесі ғана емес, бөлінбейтін ортақ болашақ тарихы бар, жаңа бірегей еуразиялық ұлттар қауымдастығы құрылуының куәгерлері болып табыламыз».

География

• Аумағы — 2 724,9 мың км2
• Халқы — 17,4 млн. адам
• Астанасы — Астана, 853,0 мың тұрғын

Экономикалық көрсеткіштері

2014 жылы ішкі жалпы өнімі 212,2 млрд. АҚШ долларын құрады. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 105,7% құрады.

2014 жылғы өнеркәсіптік өндіріс көлемі — 103,2 млрд. АҚШ доллары. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 101,8%.

2014 жылғы газ конденсатын қоса санағанда, мұнай өндірісі — 80,8 млн. тонна, халқына шаққанда — 4 676 кг.

2014 жылғы табиғи газ өндірісі — 43,2 млрд м3, халқына шаққанда — 2 498 м3

2014 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі — 14,0 млрд. АҚШ доллары. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 104,1%.

Сыртқы сауда көлемі (ағымды бағалармен) 2010 жылғы 91,4 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылғы 119,4 млрд. АҚШ долларына дейін көбейді, соның ішінде экспорт – 60,3 бастап 78,2 млрд. АҚШ долларына дейін, импорт – 31,1 бастап 41,2 млрд. АҚШ долларына дейін.

Негізгі өнеркәсіп салалары

Түрлі түсті және қара металлургия, химиялық, машина жасау, жеңіл, тағам өнеркәсібі, сонымен қатар мұнай өңдеу мен құрылыс материалдарын өндіру.

Қосымша

Аса ірі өзендер, мемлекет аумағы бойынша созылуы, км: Ертіс– 1 698, Есіл (Ішім) – 1 400, Сырдария – 1 400, Жайық (Орал) – 1 082

Аса ірі көлдер, мың км2: Каспий теңізі – 371, Арал теңізі – 41,0, Балқаш – 18,2

Теңіз деңгейінен ең үлкен биіктігі: Хан Тәңірі шыңы (Сарыжаз жотасы) – 6 995 м

Орташа айлық температура: қаңтар: -1,4° С (оңтүстікте) бастап -24,6° С (солтүстікте) дейін, шілде: +18,1° С (солтүстікте) бастап +30,6° С (оңтүстікте) дейін
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко

«Белоруссия үшін аса жақын көршілермен терең, өнімді ынтымақтасу табиғи даму жолы болған, бар және болады. Екі референдум абсолютті көпшілікпен билікке ықпалдасу үшін айқын мандат берді.

Одақты мемлекет шеңберіндегі ықпалдасу атқарымдары оларды аса кең, көп жақты форматты тиімді әрі сеніммен қолдану мүмкіндігін берді. Одақты мемлекет, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістіктің бір-бірін байытып, өзара толықтыруы маңызды.

Қазіргі таңда біз тағдыр шешті деп аталатын, шешімдерді іске асырудамыз. Ықпалдастықты табанды тереңдету сияқты нақты ниетіміз — кездейсоқ емес. Бұл өмірде болатын манифест тәрізді».

География

• Аумағы — 207,6 мың км2
• Халқы — 9,5 млн. адам
• Астанасы — Минск, 1,9 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштері

2014 жылы ішкі жалпы өнімі 75,9 млрд. АҚШ долларын құрады. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 102,4% құрады.

2014 жылғы өнеркәсіптік өндіріс көлемі — 65,2 млрд. АҚШ доллары. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 102,8%.

2014 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі — 12,8 млрд. АҚШ доллары. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 102,9%.

Сыртқы сауда көлемі (ағымды бағалармен) 2010 жылғы 60,2 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылғы 77,2 млрд. АҚШ долларына дейін көбейді, соның ішінде экспорт – 25,3 бастап 36,4 млрд. АҚШ долларына дейін, импорт – 34,9 бастап 40,8 млрд. АҚШ долларына дейін.

Негізгі өнеркәсіп салалары

Металлургиялық өнеркәсіп, машина жасау, метал өңдеу, химиялық және мұнай-химиялық, жеңіл, тағам өнеркәсібі.

Қосымша

Аса ірі өзендер, мемлекет аумағы бойынша созылуы, км: Днепр –700, Березина – 561, Припять – 495, Сож – 493, Неман – 436, Птичь – 421

Аса ірі көлдер, км2: Нарочь – 79,6, Освейское – 52,8, Червоное – 40,8, Лукомское – 37,7, Дривяты – 36,1

Теңіз деңгейінен ең үлкен биіктік: Дзержинский тауы – 345 м Орташа айлық температура: қаңтар: -4,8° С; шілде: +20,6° С
Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян

«Мен Арменияның Кеден одағына ену және Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру үрдісіне қосылу ниетін растадым.

20 жыл бұрын Армения Ресеймен және бірқатар өзге ТМД елдерімен әріптестікте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт форматында өзінің әскери қауіпсіздік жүйесін құрды. Осы онжылдықтар ішінде жүйе өзінің тіршілік қабілетін және тиімділігін дәлелдеді.

Қазіргі таңда біздің ОДКБ бойынша әріптестеріміз экономикалық өзара әрекеттесудің жаңа платформасын қалыптастыруда. Бір әскери қауіпсіздік жүйесінде бола тұра, тиісті геоэкономикалық кеңістіктен оқшаулану мүмкін емес және тиімсіз. Бұл — ұтымды шешім, бұл шешім Арменияның ұлттық мүддесінен туындайды».

География

• Аумағы — 29,7 мың км2
• Халқы — 3,0 млн. адам
• Астанасы — Ереван, 1,1 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштері

2014 жылы ішкі жалпы өнімі 10,9 млрд. АҚШ долларын құрады. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 104,7% құрады.

2014 жылғы өнеркәсіптік өндіріс көлемі — 3,1 млрд. АҚШ доллары. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 108,0%.

2014 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі — 2,4 млрд. АҚШ доллары. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 109,4%.

Негізгі өнеркәсіп салалары

Сыртқы сауда көлемі (ағымды бағалармен) 2010 жылғы 4,7 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылғы 5,9 млрд. АҚШ долларына дейін көбейді, соның ішінде экспорт – 1 бастап 1,5 млрд. АҚШ долларына дейін, импорт – 3,7 бастап 4,4 млрд. АҚШ долларына дейін.

Қырғыз Республикасының Президенті

Алмазбек Атамбаев

«Бейбітшілік пен келісім қаншалықты нәзік болатындығын біз жақсы білеміз, сондықтан да біз интеграцияланудың, адал көршілестік пен достастықтың жолын саналы түрде таңдаймыз. Егер біз тату болсақ әрі бірімізге-біріміз көмектесетін болсақ, бірлескенде біздің елдерімізге осындай қиын кезеңді абыроймен өтуге жеңілірек болатынына сенімдімін».

Жағрафия

• Аумағы 199,9 мың км2
• Халқы 5,9 млн. адам
• Астанасы Бішкек, 901 мың тұрғын

Экономикалық көрсеткіштер

2014 жылы ішкі жалпы өнімі 7,4 млрд. АҚШ долларын құрады. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 105,0% құрады.

2014 жылғы өнеркәсіптік өндіріс көлемі — 3,1 млрд. АҚШ доллары. 2011-2014 жылдарда орташа жылдық өсім қарқыны – 104,5%.

2014 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі — 3,6 млрд. АҚШ доллары.

Сыртқы сауда көлемі (ағымды бағалармен) 2010 жылғы 4,9 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылғы 7,6 млрд. АҚШ долларына дейін көбейді, соның ішінде экспорт – 1,7 бастап 1,9 млрд. АҚШ долларына дейін, импорт – 3,2 бастап 5,7 млрд. АҚШ долларына дейін.

Өнеркәсіптің негізгі салалары

Ауыл шаруашылығы, гидроэнергетика, түсті металлургия, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, құрал жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

Қосымша

Ең ірі өзендер, мемлекеттің аумағындағы ұзындығы, км: Шу - 1300

Ең ірі көлдер, мың км2: Ыстықкөл - 6

Теңіздің деңгейінен ең биік нүкте: Победа шыңы - 7 439 м

Орташа айлық температура:
қаңтар: -2,2° С бастап -29,1° С дейін
шілде: +4,1° С бастап +26,8° С дейін
Газ өндіру
КО мен БЭК бойынша барлығы
Газ өндіру
Әлемде II орында.

Әлемдік үлестің 18,4%.

Мұнай өндіру
КО мен БЭК бойынша барлығы
Мұнай өндіру
Әлемде I орында.

Әлемдік үлестің 14,6%.

Көмір өндіру
КО мен БЭК бойынша барлығы
Көмір өндіру
Әлемде VI орында.

Әлемдік үлестің 5,8%.

Электр энергиясын өндіру
КО мен БЭК бойынша барлығы
Электр энергиясын өндіру
Әлемде IV орында.

Әлемдік үлестің 5,1%.

Металлургия өндірісі
КО мен БЭК бойынша барлығы
Металлургия өндірісі
Шойын
Әлемде III орында.
Әлемдік үлестің 4,5%.

Болат
Әлемде V орында.
Әлемдік үлестің 4,5%.

Машина жасау
Машина жасау
Әлемде VI орында.

Әлемдік үлестің 3,7%.

Минералды тыңайтқыштар өндірісі
КО мен БЭК бойынша барлығы
Минералды тыңайтқыштар өндірісі
Әлемде II орында.

Әлемдік үлестің 10,8%.

Ауыл-шаруашылық өндірісі
КО мен БЭК бойынша барлығы
Ауыл-шаруашылық өндірісі
Картоп
Әлемде III орында.
Әлемдік үлестің 11%.

Бидай
Әлемде III орында.
Әлемдік үлестің 9%.

Ет
Әлемде IV орында.
Әлемдік үлестің 3,5%.

1605,9 мың. км
Автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы
КО мен БЭК бойынша барлығы
Автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы
Әлемде V орында.

Әлемдік үлестің 2,5%.

107 мың. км
Теміржолдардың жалпы ұзындығы
КО мен БЭК бойынша барлығы
Теміржолдардың жалпы ұзындығы
Әлемде II орында.

Әлемдік үлестің 7,8%.