EECКомиссия құрылымыТигран Саркисян: «Алғашқы төрт жыл ішіндегі біздің негізгі жетістігіміз жаңа мәдениетті – өзара іс–қимылдың ұлтүсті мәдениетін қалыптастыруымыз болып табылады деп есептеймін»
Беттер: 29-11-2019-3
Нұсқалар жұрналыНұсқалар жұрналы

Аты

29-11-2019-3

Тақырып

Тигран Саркисян: «Алғашқы төрт жыл ішіндегі біздің негізгі жетістігіміз жаңа мәдениетті – өзара іс–қимылдың ұлтүсті мәдениетін қалыптастыруымыз болып табылады деп есептеймін»

Аңғартпалар

 

Контакт

Кудаяров Уланбек Болотбекович

Контактінің электрондық пошта мекенжайы

 

Контактінің аты

 

Котактінің суреті

 

Жиынтық сурет

IMG_7395.jpg

Мақсаттық аудиториялар

Бағытталмаған

Бет суреті

 

Бет мазмұны

Еуразиялық брендтердің, бірлескен компаниялардың және әлемдік ауқымдағы жобалардың бар болуы – бұл Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) дамыту мен ЕАЭО–ның тартымдылығын қолдап отыру үшін қажетті шарт. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 29 қарашада Мәскеуде «Еуразиялық экономикалық интеграция» XIV халықаралық конференциясы шеңберінде «Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның сын–тездері мен мүмкіндіктері» атты жалпы отырыста сөз сөйлегенде мәлімдеді.

«Әлемдік ауқымдағы Еуразиялық брендтерді құру үшін жобалардың маңыздылығын қамтамасыз ету қажет. Олар барлық елдің жоғары ұлттық мүдделеріне сай келуі үшін біз Одақтың әрбір елі үшін бір басым жобаны айқындауды ұсынамыз. Біз бес мүдделі саланы аламыз, олардың әрқайсысын іске асыру басқа елдердің таңдаған жобалары бойынша ілгерілетуге байланысты болады», – деді ол.

Тигран Саркисян мысал ретінде елдердің мынадай жобаларды іске асыру мүмкіндігін атады: Армения Республикасы үшін – Еуразиялық зергерлік бренд, Беларусь Республикасы үшін – Еуразиялық көлік компаниясы, Қазақстан Республикасы үшін – Еуразиялық сараптамалық орталық, Қырғыз Республикасы үшін – Еуразиялық жұмыспен қамту орталығы, Ресей Федерациясы үшін – Еуразиялық цифрлық офис. Алайда жобалардың конфигурациясы бойынша басқа да нұсқалар болуы мүмкін.

Екінші қажетті шешім – кедендік әкелу баждарынан аударымдар түрінде жобалық бюджетті қалыптастыру, мысалы, аударымдардың 1%–ы – бұл жылына 100 млн астам АҚШ долл.құрайды.

Үшінші бағыт – реттеуші «құмсалғыш» құралын ендіру. Тигран Саркисянның пікірінше, бұл жаңа бизнес–модельдерді тестілеудің шынайы мүмкіндігі. Ол Еуразиялық пилоттық жобаларды екі есе жылдам іске қосуға мүмкіндік береді.

Ұлтүсті кәсіпорындарын құру мәселесіне келгенде, бұл жерде ЕЭК үшін бірнеше елдің аумағында жұмыс істейтін және бір бренд аясына біріктірілген өнім жасайтын осындай компанияларды құрудың озық халықаралық тәжірибесі маңызды. «Біз Одақтағы интеграциялық процестерді ынталандыратын Еуразиялық брендтер үшін құқықтық өріс ашуға мүдделіміз. Мұндай ұлтүсті компаниялар Одақтың барлық елінде қосымша рәсімдерден өтпей–ақ іс–қимыл жасай алар еді», – деп мәлімдеді Тигран Саркисян.

ЕЭК Алқасының басшысы сондай–ақ үлкен жұмыс атқарылғанын, интеграцияны басқару институттары – Еуразиялық экономикалық комиссия, ЕАЭО Соты, Еуразиялық Даму банкі құрылғанын атап өтті. ЕЭК–тің негізгі күш–жігері ортақ нарықтың жұмысы үшін ұлтүсті заңнамасын қалыптастыруға және халықаралық қатынастарды дамытуға – үшінші елдермен сауда режимдерін орнатуға бағытталды. «Біз іргетасты қаладық, жалпы құқықтық өріс жұмыс істеп тұр. Келесі кезең жұмыстың жобалық қағидатын белсенді ендіру болуға тиіс екеніндігіне сенімдімін»,– деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының басшысы.

Соңғы төрт жыл ішінде Комиссия жаңа нәрселерді құрды: Одақтың цифрлық күн тәртібі жобалық басқаруға көшірілді, бес жүйе құраушы жобаны іске асыру үшін дайындалған цифрлық жобалық офис құрылды. Бұлар – өнім, тауарлар, қызметтер көрсету мен цифрлық активтер қозғалысының цифрлық қадағалануы; цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі; Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі; электрондық ілеспе құжаттарды ендіру мен өзара тану; «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі.

Өнеркәсіпте кәсіпорындар бір–бірімен таныса алатын Еуразиялық технологиялық платформалар құралы құрылды, ЕЭК олардың ынтымақтастық жоспарларын сүйемелдейді. Мысалы, жерді зондтаудың жалпы жүйесі құрылады, оның көмегімен ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсету ұсынылатын болады. Еуразиялық зергерлік брендке шыға отырып, зергерлік саласындағы ынтымақтастықтың «жол картасы» әзірленді.

Жалпы отырысқа қатысушылар протекционизмнің, ортадан тебетін үрдістер мен цифрлық жаһанданудың дамуы жағдайында сауданың, салықтардың және инвестициялардың өзара ықпалының өсуін ескере отырып, қаржы институттары мен технологияларды трансформациялаудың сын–тездерін, мүмкіндіктері мен жаңа құралдарын талқылады.

Еуразиялық Даму банкі басқармасының төрағасы Андрей Бельянинов банк конференциялар жұмысының сабақтастығын қамтамасыз етуге ұмтылатынын атап көрсетті. «Мысалы, өткен кездесуде, кейбір сарапшылар ешкімге ештеңені таңудың қажеті жоқ, кіммен және қалай есептесуді бизнестің өзі шешеді деп сендірсе де, ұлттық валюталарда есеп айырысу қажеттілігі туралы айтылды. Меніңше, 2019 жыл ұлттық валюталарда есеп айырысу ұранымен өтті, бұл туралы көптеген елдің саяси көшбасшылары мәлімдеді»,–деді ол.

Мажарстан Премьер–министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варга Мажарстанның Еуразиялық Даму банкіне толық құқылы мүшелігі туралы келіссөздерге кірісуге дайын екенін хабарлады. «Мажарстанның банкке кіруі арқасында біздің алдымызда ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынына сенімдіміз. Егер әсіресе қарқынды дамып келе жатқан екі өңір – Еуроазиялық және Орталық Шығыс Еуропа туралы сөз болып отырғанын ескерсек, бұл факт айрықша маңызды»,– деді ол.

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары Михаил Бабич «Еуразиялық экономикалық комиссия тараптар үшін келіссөздер алаңы емес, тәуелсіз, құзыретті, дербес ұлтүсті орган болуы тиіс» деген пікір білдірді. Ол сондай–ақ, Одақ ең алдымен қатысушы елдердің азаматтарына сезінерлік пайда әкелуге тиіс екенін атап өтті.

Михаил Бабич ЕЭК Алқасының басшысына алғысын білдірді: «Комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Суренович Саркисянның қызметіне жеке алғыс айтқан ләзім. Мен Ресей Федерациясының атынан сізге тағы да жұмысыңыз үшін алғыс айтқым келеді».

Оның пікірінше, бірлескен күш–жігер реттеушілік практикаларды, соның ішінде қызметтер көрсету нарығына рұқсат беруді сапалы бақылауға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретін практикаларды жете талдауға бағытталуы қажет. Бұл – трансшекаралық тәуекелдерді ескере отырып, Еуразиялық кеңістікте сапалы реттеу жиынтығын құру, халықаралық қаржы институттарының, соның ішінде Еуразиялық Даму банкінің әлеуетін іске қосу. Еуразиялық Даму банкінің, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының, басқа да осылар сияқты интеграциялық институттардың қызметі интеграцияның дамуын қолдауға тиіс.

Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Алексей Кудрин интеграция мәселесін өте маңызды деп санайды, өйткені ұлттық экономикалар барған сайын өзара байланысты бола түседі, халықаралық интеграциялық деңгейге көбірек шығатын болады және интеграциялық одақтар әлемдегі дамудың басты полюсіне айналады. «Сол себепті осының аясында біздің Одақ қалай көрінеді, басқа да көптеген елдер үшін біз байсалды тартылыс полюсі бола аламыз ба?», – деп түйіндеді Алексей Кудрин.

РФ Есеп палатасының төрағасы бірыңғай стандарттар саясатын, өнімге, азық–түлікке қойылатын техникалық талаптарды мәлімдейтіндер мен жүргізетіндер жеңіске жететін болады деп пікірін білдірді. «Біз қандай нарықтар мен стандарттарға жанасатынымызды немесе біздің белсене қатысуымыз арқылы бұл стандарттарды қалыптастыруға өзіміздің көмектесетіндігімізді түсінуіміз керек. Жетекші елдердің әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, егер біз стандарттарды айқындай алмасақ, онда біз оларды әзірлеуге және ілгерілетуге қатысамыз. Сондықтан біздің нарық үшін интеграция дегеніміз елеулі сын–тез»,– деді Алексей Кудрин.

Жалпы отырыстың модераторы, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңестің төрағасы Валерий Фадеев пікірсайысқа қатысушылар айтқан: «ЕАЭО елдері әлемде болып жатқан процестерге қарамастан, интеграция жолымен табанды түрде ілгерілеуге тиіс» деген тезисті атап өтті.

Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары – Статс–хатшы Юрий Зубарев 2025 жылға қарай ортақ қаржы нарығын тезірек қалыптастыру үшін «тығыз өршіл графикті ойластыру қажет» деп мәлімдеді. Ол ЕАДБ–ға флагмандық интеграциялық жобаларды іске асыра бастауды ұсынды. «Жалпы еңбек нарығының, капиталдың ортақ нарығының артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік беретін, сонымен бірге, шын мәнінде интеграциялық мақсаттарға қызмет ететін қандай да бір бірлескен жобалар түрінде іске асырылып жатқан жобаларды ғана емес», – деді ол.

Ресей мен Белоруссияның Одақтық мемлекетінің Мемлекеттік хатшысы Григорий Рапота ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның бірлескен ірі жобаларды іске асыру жөніндегі ұсынысын қолдады. «Бұл Одақтық мемлекеттегі үстем философияға толық сәйкес келеді. Бізде осындай практика бар, біз жаңа инновациялық өнім жасауға бағытталған бағдарламаларды жүйелі түрде іске асырып келеміз», – деді ол.

Мемлекеттік Думаның Қаржы нарығы комитетінің төрағасы Анатолий Аксаков Тигран Саркисянның ЕАЭО–да реттеуші «құмсалғыш» форматын дамыту жөніндегі басқа бастамасын қолдады. «Бізде РФ Орталық банкінде мұндай «құмсалғыш» құрылды, белсенді жұмыс істеуде, қазірдің өзінде ол арқылы 20–ға жуық жоба өтті. Әрине, осы «құмсалғыш» шеңберінде тұжырымдалатын реттеуші нормалардың біздің экономикалық одақтың барлық кеңістігінде де жұмыс істегені маңызды. Тигран Суренович айтқан сол «құмсалғыштың» іс–әрекеті біздің елдерімізде құрылатындармен үндесіп жатуы маңызды болар–ды»,– деп атап көрсетті ол.

Еуразиялық экономикалық одақ Сотының судьясы Константин Чайка Еуразиялық экономикалық одақтың құқығы – мүше мемлекеттердің тек Еуразиялық экономикалық одақта ғана ұлтүсті реттеуге берілген қатынастарды реттейтін жалғыз құқық екенін атап өтті.

Оның пікірінше, жеке тұлғалардың ЕАЭО сотына жүгінуге құқығы бар болуға тиіс. Сондай–ақ, ол 2025 жылға дейін ортақ қаржы нарығы саласындағы орган – ЕАЭО–ның қаржылық реттегішін құру үшін негіз дайындау қажеттігіне және оған тиісті өкілеттіктер беру мүмкіндігіне назар аударды.

Федералдық кеден қызметі басшысының бірінші орынбасары Руслан Давыдов 2025 жылға дейінгі Одақтың даму стратегиясында кедендік–тарифтік реттеу дербес бөлімі ретінде бөлініп көрсетілуге тиіс, Еуразиялық одақ елдері кеден қызметтерінің қызметі интеграциясының барлық мәселесі өте нақты жазылуға тиіс деп санайды. «Бұл бүкіл Одақ шеңберінде сауданың құқыққа сыйымдылығын қамтамасыз етудің де, сол сияқты ЕАЭО елдеріндегі өзара сауданың «ақ», айқын өсуін қамтамасыз етудің де маңызды факторларының бірі», – деді ол.

 

Анықтама

Еуразиялық Даму банкі 2008 жылдан бері жыл сайын «Еуразиялық интеграция» халықаралық конференциясын ұйымдастырып келеді, ол қаржы институттары, билік органдары, экономикалық қызмет субъектілері өкілдерінің қарым–қатынас жасауы, ақпарат және пікір алмасуы үшін тиімді алаң ретінде өзін көрсете білді. Конференцияның пікірсайыстық сипаты және талқылау барысында тұжырымдалатын ұсынымдар банктің инвестициялық саясатының жаңа тәсілдемелерін қалыптастыруға және Еуразиялық интеграция процестерін тереңдету жөнінде сындарлы ұсыныстар дайындауға ықпал етеді.​

Жиынтық сілтемелер

Автор

 

Мақала күні

29.11.2019

Сурет тақырыбы

Анонс

Еуразиялық брендтердің, бірлескен компаниялардың және әлемдік ауқымдағы жобалардың бар болуы – бұл Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) дамыту мен ЕАЭО–ның тартымдылығын қолдап отыру үшін қажетті шарт. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 29 қарашада Мәскеуде «Еуразиялық экономикалық интеграция» XIV халықаралық конференциясы шеңберінде «Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның сын–тездері мен мүмкіндіктері» атты жалпы отырыста сөз сөйлегенде мәлімдеді.

Қайнар көз

Показывать в блоке последние новости

Иә

Важная

Жоқ

Показывать в медиа блоке

Жоқ

Категория

Жаңалықтар

Департамент

ЕЭК Алқасының Төрағасы

Направление деятельности

 

Направление деятельности_0

 

SelectedAlbumUrl

/ru/nae/photos/Photogallery/Ежегодная международная конференция ЕАБР «Евразийская экономическая интеграция»

SelectedVideoId

0
Мазмұн түрі: Новость
Нұсқа: 1.0
Жасалды: 29.11.2019 20:26, пайдаланушы: Кудаяров Уланбек Болотбекович
Соңғы өзгертілген: 12.12.2019 15:56, пайдаланушы: admin